12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ТӨРЕЛІК ЕТЕР ТӨРДІ
СЫЙЛАУ ПАРЫЗ

Еліміздің Ата Заңында сот пен судьяның мәртебесіне айрықша орын берілген. Конституцияның 77-бабында көрсетілгендей судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сонымен бірге, осы баптың екінші бөлігінде сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады делінген.

Расында, ақ пен қара сарапқа салынатын, төрелік жасалатын сот мәжілісінде ортақ тәртіптің сақталуы, азаматтардың заңға бағынуы міндет. Сондықтан, көпшілік мұндағы қауіпсіздік шараларына, судьяның ескертулеріне, талабына түсіністік танытып, мүлтіксіз орындауы тиіс. Өкінішке қарай, төрелік етер төрді сыйламау, әділдіктің кепілі болып отырған судьяның сөзін елемеу жағдайлары аз кездеспейді.

Заңсыздықты біреу білмей жасайды, біреулер біліп тұрып әдейі осындай заңсыз әрекетке барады. Соның ішінде, ең жиі кездесетін құқықбұзушылықтарға тоқталып өту артықтық етпейді. Мәселен, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбай, орнында отырып рұқсатсыз сөйлеу, балағаттау, алкогольдік ішімдік ішкен күйде келу, сот шақыртуына салғырт қарау заңдық жауаптылыққа соқтырады. Ортақ тәртіпке бағынбаған азаматтар сотқа қатысушылардың ғана емес, судьяның да уақытын алып, жұмысына кедергі келтіреді. Мұндай әрекеттерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабында жауаптылық белгіленген, яғни, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың шақыру, хабарлау, хабардар ету бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк үшін құқық бұзушыға ескерту жасау не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза белгіленген. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет үшін құқық бұзушыға 30 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынып, не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылады. Сотқа құрметтің негізгі бастауы – тәрбиеден. Отбасында алған тәрбие жоғары мәдениет кепілі. Ата-ананың тағылымы сотты ғана емес, айналасын сыйлауға, жұрттың пікіріне құрметпен қарауына түрткі болып жатады. Әсіресе, отбасылық тәрбиенің ақсап жатқанына пандемия кезінде анық көз жеткізгендей болдық. Карантинге байланысты отандық соттардың қашықтан жұмыс істегені белгілі. Онлайн соттарды ұйымдастыруға соттар тез бейімделді. Бірақ, сот отырысына қашықтан қатысқан кейбір азаматтардың мәдениетіне, өзін ұстауына таңғалған кезіміз көп. Бұл сотты ғана емес, заңды да сыйламау. Сондықтан, сотқа деген құрметті арттыру үшін азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, тәрбиесіне көңіл бөлу мәселесін де назардан тыс қалдырмау керек-ақ.
А.ДУСИМОВА,
Жаңаөзен қалалық сотының судьясы
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

Ақын Маралтай Райымбекұлы Ыбыраев жазалы балалармен кездесті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

В кабинете НВП школы сотрудники УИС открыли кадетский уголок

В начальной школе им. Алтынбике Бертаевой села Достык Енбекшиказахского...

Алматы облысында мектепте кадет бұрышы ашылды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Достық ауылындағы Алтынбике Бертаева атындағы...

“Өміріңді жақсарту ешқашан да кеш емес”!

ҚАЖ комитетінің нұсқауын сапалы орындау, Қазақстандық қоғамның құндылықтарын сіңіру,...

Колонию Астаны посетила представитель Уполномоченного по правам человека

С ознакомительным визитом колонию-поселения посетила представитель Уполномоченного по правам...