Тәрбие жұмыстарының тиімді түрлерінің бірі ол еңбекке тарту

Сотталғандарды тәрбиелеудің тиiмдi тетiгiнің бірі – еңбекке тарту. Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №3 мекемесiндегi шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтар, арнайы ғимарат ауласында көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 121-бабында сотталғандар кезектік тәртібімен, ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын мекеме аумағына және оған іргелес жатқан аумақты абаттандыру жұмыстарына тартылады делінген. Заңның осы бабын негiзге ала отырып, 10-ға жуық сотталған жатақхана алдындағы бос тұрған бекетті бұзу жұмыстарында ерікті түрде еңбек етті. Жұмыс барысында алдымен, белгiленген төңiректi күз бен қыстан қалған күл-қоқыстан тазартты. Артынша қураған шөп-шаламды тырмалап, күрек алып, бөлінген аймақтағы жерді аударды.

«Бүгінгі шаруашылық жұмыстары, ауылымды еске түсірді. Үйімнің артында бау-бақшам бар еді. Мен кеткелі қараусыз қалды. Жаза мерзімімнің аяқталуына 1 жылдан астам уақыт қалды. Тезірек темір тордан шығып, отбасыма оралсам, екі ұлыммен бірге жеміс ағаштарын отырғызып, адал еңбекпен отбасымды асыраймын. Жасаған қылмысыма қатты өкінемін»,- деді сотталған А. есімді азамат.

«Сотталғандарды түзетудiң бiрден-бiр құралы еңбек. Еңбек- олардың бойларындағы салақтық, жалқаулық, салғырттық пен өзімшілдік сияқты мiнез дертінен арылтады. Саналы түрде құқық бұзып, қылмыскер атанған ересек адамдарды, осылайша еңбекке тарта отырып, біз оларды кайта тәрбиелеп, тузелу жолына бағыттаймыз», деді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет майоры Марат Жакишев.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...