spot_img
spot_img

ТҮКІСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНЕ 30 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Түркістандағы Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Айтулы шараны атап өту жұмыстары былтырдан бері қолға алынып, түрлі деңгейдегі кездесулер мен ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп келеді. Ал бүгін университет ұжымы Түркістан төрінде гала-концерт ұйымдастырып, жыл көлемінде атқарған жұмыстарының нүктесін қойды.
Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасындағы үкіметаралық келісім негізінде 1991 жылы «Халықаралық университет» мәртебесімен тұсауы кесіліп, 1992 жылдың 31 қазанында «Қожа-Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» болып қайта құрылған бұл оқу орнының миссиясы — түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастық жастарына бір шаңырақ астында сапалы білім беруді мақсат етеді. Бүгінде әлемнің 17 елінің жастары мен 30 ұлт пен ұлыс өкілдерінен құралған 10 мыңнан аса студенттер мен интерндерге, магистранттарға, резиденттер мен докторанттарға, сондай-ақ дайындық факультетінің тыңдаушыларына 71 ғылым докторлары мен 252 ғылым кандидаттары, 100 РhD докторлары дәріс оқиды. Олардың 5 пайызы Түркиядан және басқа елдерден келген шетелдік оқытушылар.
Түркі әлемінің ортақ білім-ғылым шаңырағына айналған оқу орнының 30 жылдық жүріп өткен жолын бірге атап өту үшін жиналған қонақтарға Түркістан облысының әкімі Дардан Сатыбалды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Облыс әкімі: «Түркістанның рухани орталық болуына Қожа-Ахмет Ясауи бабамыздың үлесі мол. Ал осындай ойшыл ғұламаның атын иеленген университет Түркістанның ғана емес, барлық түркі елдерінің мәдениетіне, ғылым мен білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді» деп атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған ҚР Ғылым және білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев: «Бұл университетті тәуелсіздігіміздің жаршысы, бауырлас түркі елдері арасындағы берік ынтымақтастықтың нышаны деп білемін. Заман талабына сай дамып, түркі тілдес ұлттардан жиналған жастарға дәйекті білім беріп, тәрбиелеп, сара жолға салған, өзіндік брэнді қалыптасқан оқу орны 30 ішінде өте биік табыстарға қол жеткіді» деді.
Іс-шара барысында оқу орнының басшылары бір топ мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне университеттің 30 жылдық төсбелгісін табыстады. Ал, Халықаралық «Түріксой» ұйымы университеттің бірқатар оқытушыларын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгісімен марапаттады.

Қазақ халқында «Отызында орда бұзбаған, қырқында қырға шықпайды» деген тәмсіл бар. Ендеше, орда бұзар жасқа жетіп, мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін аянбай қызмет етіп келе жатқан ордалы оқу орнына артылар жүк пен қойылар міндет те еселене берері сөзсіз.


Сейтхан Зеберханұлы,
«Заң газеті».

Жаңа жыл мерекесіндегі ХҚКО мен МХҚКО жұмыс кестесі

       «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты...

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...