Аспан астында өз алдына ту тіккен әрбір елдің ең қасиетті құжаты – оның Конституциясы. Қазақ халқы үшін де Ата Заң – азаттығымыздың алтын арқауы, елдік пен еркіндіктің мәңгілік кепілі. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы – жаңа дәуірдегі халқымыздың ортақ мұраты мен болашағын айқындаған тарихи құжат. Ол мемлекеттің құқықтық негізін бекітіп қана қоймай, елдің ең басты байлығы – адам мен оның құқықтарын төрге шығарды.
Конституция – халқымыздың ел боламын деген арманын, ұлт болып ұйысқан рухын заңмен өрнектеген қасиетті кітап. Оның әр бабы – өткенімізден сабақ алып, келешекке сеніммен қадамбасуға бағытталған сара жол. Ата Заңда көрініс тапқан «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» ұстанымы – біз ұстанған өркениетті даму бағдарының айқын айғағы. Тәуелсіздікпен бірге түлеген Конституция – елдіктің, бірліктің, тұрақтылықтың темір қазығы.
Әрбір қазақстандықтың жүрегінде Конституцияға деген сенім мен құрмет болуы тиіс. Себебі ол – тек заңдар жинағы ғана емес, ел тағдырын айқындайтын тұғырлы негіз. Ата Заң – ұлтты ұйыстырып, ұрпақты тәрбилейтін рухани темір қазық. Оның арқасында елімізде бейбіт өмір, тұрақты даму, ұрпаққа үміт сыйлайтын болашақ орнауда.
Бүгінгі күн – Ата Заңмен өмір сүріп, оның аясында өсіп-өркендеп отырған Тәуелсіз Қазақстанның алтын дәуірі. Конституция – біздің бағымыз, бірлігіміздің берік іргетасы. Оны құрметтеу – әр азаматтың парызы, ал оны сақтау – ұлт болашағына қосылған өлшеусіз үлес.
Ата Заң – елдің жүрегі
Ата Заңым – халқым сүйген асыл заң,
Бастау алған бабалардың асылдан.
Бірлік пенен бейбіт күнге бастайды,
Әр жолында парасат пен ақыл бар.
Төрімізде әділеттің нұры бар,
Сөз бостандығы, теңдік – бәрі шын ұғар.
Ата Заңым – азаттықтың айғағы,
Елім дейтін әр жүрекке ту ұстар.
Халқы таңдаған қасиетті құжатым,
Ұлт тағдырын арқау еткен мұратым.
Сен тұрғанда – сенім барда ел аман,
Жарқын болар келешегім, қуатым!
Бабалардан қалған асыл аманат,
Ата Заңым – елдіңімнің салтанат.
Мәңгілік ел мұратын сен айғақтап,
Жасай берсін, қазақпенен қатар бақ!
Қызылорда қалалық сотының
жетекші маманы Асқар Асыл-Айым