12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тәлімгерлік институтының тағылымы мол

Әлемдік сот жүйесінде дәстүрлі біліктілікті арттыру бағдарламаларымен қатар курстар, оқулықтар, тәлімгерлік және басқа да оқыту әдістері қарастырылған. Бұлар өз кезегінде жаңадан тағайындалған, сондай-ақ,  тәжірибелі судьяларды кәсіби тұрғыда жан-жақты жетілдіруде айрықша роль атқарады. Судья беделінің өсуі оның біліктілігін көтеріп, тәжірибесін шыңдаумен тікелей байланысты десек, кәсіби шеберліктің бір күнде қалыптаспайтыны тағы анық. Сот корпусын сапалы кадрлармен қамтамасыз етуде судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар жыл сайын күшейтіліп жатыр.  Бұл ретте ҚР Жоғарғы Соты, Жоғары Сот Кеңесі тарапынан ауқымды шаралар қолға алынуда. 

Жаңадан тағайындалған судьялардың кәсібилігін арттыруға бағытталған тәлімгерлік институты елімізде жиырма жылдан бері жұмыс істейді. Себебі, судьялыққа алғаш тағайындалған кез келген заңгерге кәсіби көмек артықтық етпейді. Тіпті, заң, құқық салаларында бірнеше жыл еңбек еткен тәжірибелі заңгерлердің өздері адам тағдырын таразылауда шексіз жауапкершілік жүктелген судьялық қызметте  қандай да бір кеңесті қажет етеді. Арнайы курстар мен білім беру бағдарламалары барлық судьяға өз білім-біліктерін арттыруға, өз бетінше дамуға бірдей мүмкіндік береді. Тәлімгерлік шараларын  әдетте судьялар қауымдастығы немесе соттар ұйымдастырып, басқарады және олар еріктілік принципіне негізделген. Мұндай шаралардың сот тәуелсіздігін сақтай отырып, судьялар қауымдастығын дамытуда және өзара көмек көрсетудің корпоративтік мәдениетін қалыптастыруда маңызы зор. 

Тәлімгерлер мен менторлар жастарға жол көрсетіп, олардың заңдарды бірізді қолдануына, сот отырысында өзін дұрыс ұстауына, тараптармен теңгерімді сөйлесуіне бағыт-бағдар береді. Сот процестерін қалай ұйымдастырып, қоғамдық ортада судьяның өзін қалай ұстауы керектігін үйретеді. Тәлімгерлік мектебі аға буын мен жас буын арасындағы байланысты нығайтуымен құнды. Судьялық тәлімгерлік судьялық дағдыларды игеру, алғаш тағайындалған судьялардың кәсіби қызметінде жоғары моральдық-этикалық стандарттарға қол жеткізу мақсатын көздейді. Бұған жету үшін судьялық менторлық туралы ережеде жоғары моральдық-этикалық стандарттарға алғаш тағайындалған судьяларды бейімдеу, оның адамгершілік және этикалық бейнесін қалыптастыру, кәсіби дамуы үшін қажетті сот мәдениетінің практикалық білімі мен дағдыларын алу, судья мінез-құлқының этикалық нормаларын дамыту, сот жұмысы процесінде психологиялық қолдау көрсету міндеттері айқындалған.

Бұл тәлімгерлерге де пайдалы, олар жаңа буын өкілімен пікір алмасуға және өз тәжірибесімен бөлісуге немесе ойлануға мүмкіндік алады. Айтып өтерлігі, тәлімгердің міндетіне жас әріптес үшін шешім қабылдау немесе қателерді түзету кірмейді, бұдан әрі нақтыласақ, тәлімгер жас судьяның шешім қабылдау процесіне араласпайды. Ол жас судьяға қиындық туғызатын мәселелерді, заң нормаларын дұрыс қолдануды, сот шешімдерін жазуды, басқа да процедуралық тапсырмаларды орындауды түсіндіріп, сот тәжірибиесімен бөліседі, оған сот жүйесінің қызметіне бейімделуге көмек көрсетеді. Тәлімгерлікті заң саласында жоғары кәсіби білімі, практикалық судьялық дағдылары бар, судьяның жоғары моральдық және этикалық стандарттарына сай келетін тәжірибелі судьялар атқарады. Менторлар ретінде отставкадағы судьялар келісім бойынша тартылуы мүмкін. Судьялық тәлімгерлікті жүзеге асыру мерзімі бір жылдан аспайды.

Жалпы алғанда, судьялар корпусы заңнаманы білу және оны қолдану тұрғысынан да, моральдық жағынан да заңды элитаға айналуы керек. Осы бағытта тәлімгерлік жас судьяларға кәсіби қызметтің жоғары стандарттарына қол жеткізуді қолдауға бағытталған.

Құралай Байоразова,

Панфилов аудандық сотының судьясы

Жетісу облысы Судьялар одағының мүшесі

Библиотекари посетили школу

В Таразе вошло в практику, когда сотрудники библиотечной сети...

Свобода от зависимости 

Наркотическая зависимость – это одна из самых серьезных социальных...

Час честности

Студенты Международного Казахско-Турецкого Университета им. Х. Ясави в процессе...

В статусе культурной столицы

В РАМКАХ РЕШЕНИЯ О ПРИСВОЕНИИ ГОРОДУ АКТАУ ЗВАНИЯ «КУЛЬТУРНАЯ...