12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тұтынушы тауарды қайтаруға, айырбастауға құқылы

АЗАМАТТАР ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРҒАЛУЫН ЖЕТІК БІЛУЛЕРІ ТИІС. ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢДА ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МЕН ОЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ САПАЛЫ ТАУАРЛАРМЕН, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫ АЙҚЫНДАЛҒАН. САУДА ОРЫНДАРЫНАН «ТАУАР ҚАЙТАРЫЛУҒА ЖАТПАЙДЫ» ДЕГЕН ЕСКЕРТУ ЖАЗБАЛАРДЫ КӨРУГЕ БОЛАДЫ. ШЫН МӘНІНДЕ БҰЛ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ. ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ЗАҢНЫҢ 7-БАБЫНЫҢ, 7-БӨЛІГІНЕ СӘЙКЕС, ТИІСТІ ДЕ, ТИІСТІ ЕМЕС ТЕ САПАДАҒЫ ТАУАРДЫ АЙЫРБАСТАП АЛУҒА НЕМЕСЕ ҚАЙТАРЫП БЕРУГЕ БОЛАДЫ.

Осы заңның 4-бабында көрсетілгендей, азық-түлікке жатпайтын тауарды алған күннен бастап тұтынушы 14 күн ішінде, егер сатушы немесе дайындаушы неғұрлым ұзақ мерзім жарияламаса, сатып алынған тауарды сатып алу немесе сатушы хабарлаған өзге де орында бағасында айырма болған кезде сатушымен қайта есеп айырыса отырып, осы тəріздегі соған ұқсас тауарға не тараптардың келісімі бойынша басқа тауарға айырбастай алады. Айырбастау тəртібі осы заңның 30-бабына сəйкес жүргізіледі. Сатушы немесе дайындаушыда айырбастайтын тауар болмаса, сатып алушы тауарды қайтарып, оған төленген ақшаны алуға құқылы. Тауардың сатып алынғанын растайтын құжат болмаса тұтынушы оны осы сатушыдан сатып алғанын дəлелдеуі тиіс. Тұтынушы тауардан қандай да бір кемшілік тапса жəне оны ауыстыру туралы талап қойса, сатушы тауардың сапасын тексереді. Сараптама жасау қажеттілігі туған күннің өзінде тауар талап қойылған күнді қоса есептегенде отыз күн ішінде ауыстырылады. Тауардың кемшілігі техникалық жағынан анықталса, сондай-ақ, шартты бұзу жəне тауар үшін төленген ақшаны қайтару туралы талап қойылса, сатушы немесе дайындаушы мен орындаушы оны үш жұмыс күні ішінде қанағаттандыруы керек. Тауардағы кемшілікті сатушы шартта басқа мерзім белгіленбесе тұтынушының келісімімен он күнде жояды. Тауардың кемшіліктерін жоюдың шартта айқындалатын мерзімі жиырма күннен аспауы тиіс. Кемшіліктің сатылғаннан кейін пайда болғаны дəлелденбеген жағдайда сатушы талапты қанағаттандыруға міндетті. Тұтынушы талабы дер уақытында орындалмаса, шартта, Республика заңдарында өзгеше белгіленбесе, мерзімі өткен əрбір күн үшін тауар құнының бір пайызынан кем емес мөлшерде тұрақсыздық айыбы төленеді. Дау сотқа дейін реттелмеген жағдайда айыппұлды өндіріп алуды сот жүзеге асырады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң белгілі бір қағидалар мен нормаларды білу арқылы біршама мəселелерді жылдам əрі нəтижелі шешуге көмектеседі.

Ш. РАҚЫМҚЫЗЫ, журналист

В СИЗО Астаны снова пресекли попытку передачи телефона в подошве обуви

В учреждении №64 Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Астане...

«Ұрпақтар есінде» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды

2025 жылғы 30 шілдеде Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Семь осуждённых освобождены по амнистии в честь 30-летия Конституции РК

28 июля в учреждении №3 Департамента уголовно-исполнительной системы по...

Алаяқтарға тосқауыл қажет

Соңғы жылдары елімізде алаяқтық оқиғалары артып барады. Әсіресе ғаламтор...