12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзған ЖШС-не айыппұл салынды

Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзуға жол бергені үшін ЖШС-не айыппұл салынды

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің 320 бабы 1 бөлігі құрылыс салушының, уәкілетті компанияның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын, оның ішінде ашылуға жататын ақпараттың мазмұнына, сондай-ақ оны тарату тәртібіне қойылатын талаптарды бұзуы не құрылыс салушының, уәкілетті компанияның дәл емес, толық емес немесе анық емес ақпаратты таратуы бойынша ЖШС «CS»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.
Сотта анықталғаны, Өскемен қаласы Қ.Сатпаев даңғылы 89 Б мекен жайында орналасқан «CS» нысан бойынша тұрғын үй кешені, құрылыс салушы «V-P» «Instagram» әлеуметтік желілерде ЖШС құрылыс кезеңінде пәтерлерді брондау туралы жарнама орналастыру арқылы үлескерлердің қаражатын тарататыны анықталды. «Қазақстандық тұрғын үй» АҚ кепілдігі жоқ компания» не жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ.
Сот отырысында ««V-P»,» ЖШС-нің өкілі Б. құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық көлемде мойындайтынын түсіндірді.
Сот отырысы барысында «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасы» ММ бас маманы Ф. істің баяндалған мән- жәйларын растады, соттан кінәлі заңды тұлғаны жауапқа тартуды сұрады.
Сот отырысына қатысушылардың түсіндірмелерінен басқа, құқық бұзушылық фактісі «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ хатымен, «ҚЖК» АҚ хатымен, скриншоттармен және істің басқа да материалдарымен расталды.
Әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін айқындау кезінде сот ӘҚБтК-нің 55 бабының талаптарын ескереді, құқық бұзушылық алғаш рет жасалды, баптың баламасыз санкциясы және іс бойынша жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, заңды тұлғаларға 300 айлық есеептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданады. ӘҚБтК-нің 829 бабы 11 бөлігі 2 тармағы негізінде әкімшілік айыппұл сомасын отыз пайызға қысқарту қажет деп санайды.
Сот қаулысымен «CS» ЖШС-і ӘҚБтК-нің 320 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзбай, мемлекеттік бюджет кірісіне 775320 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Өскемен қаласының
әкімшілік құқық бұзушылықтар
жөніндегі мамандандырылған сотының
баспасөз қызметі

Мүлікті қасақана бүлдіргені үшін  5 тәулікке қамауға алынды  

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің...

Кассациялық сот құру уақыт талабы

Сот жүйесіндегі биылғы жылдың басты жаңалығы кассациялық соттардың құрылуы...

За совершение административного правонарушения понес наказание законный представитель несовершеннолетнего

  Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области...

Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланың әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жазаланды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік...