Түркістан облысындағы трагедия: 12 адам қаза тапты, тоғызы — бала

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрт салдарынан көптеген адам қаза табуына байланысты көңіл айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД-ға Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртенгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі жеткен кезде үй толықтай өртке оранғаны анықталған.

«Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды», — деп жазылған хабарламада.

Көршілердің айтуынша, алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған. Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілген.

«Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің шығу себептері анықталып жатыр», — деді әкімдік өкілдері.

Президенттің тапсырмасы

Президент Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажет көмекті көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді

Қазақстанда ипотека рәсімдеу ережелері өзгереді. Банктер енді қарыз алушыларды бұрынғыдан да мұқият тексеріп, әр клиентке жеке тәсілмен баға береді.

Теңге нығаюы – уақытша құбылыс па? АДБ сарапшысы Қазақстан экономикасына әсер ететін негізгі факторларды атады 

Қазақстанда соңғы айларда теңге күшейгенімен, оның ұзақмерзімді трендке айналатынына нақты кепіл жоқ.

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

15 сәуірге дейін банктер салық органдарына қазақстандықтардың 2026 жылдың І тоқсанындағы мобильді аударымдары туралы мәлімет тапсырады.

Мұнай бағасы күрт өсіп кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын қоршауға алу туралы мәлімдемесінен кейін әлемде мұнай бағасы өсіп жатыр.

Жастарға 5 мың теңгелік пәтер берілмейді: Баспана алатындарға енді қандай мүмкіндік бар

Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтады. Енді баспана алу қалай өзгереді.