12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СЫРТ КӨЗ – СЫНШЫ

Алехо ВИДАЛ-КУАДРАС, Еуропарламенттің бұрынғы вице-президенті, Каталония халық партиясының бұрынғы төрағасы: «Қазақстан – Еуропалық одақтың сенімді серіктесі»

Қазақстанда 2 қаңтарда басталған бейбіт шерудің соңы қантөгіс, қарулы қақтығысқа ұласты. Бұл оқиға әлем назарын өзіне аударды.

Әдетте жақсы жаңалықтан гөрі, жағымсыз жаңалық тез тарайды. 1991 жылы тәуелсіздігін алған, оған дейін орыс империясының құрамына кірген, бұрынғы КСРО-ның құрамында болған мұнай мен газға, алтын, алюминий, уран, хром, молибден, никель, кобальт және басқа да табиғи ресурстарға бай ұланғайыр елге испандықтар да таңданыспен қарады. Күткендей, Қазақстанда болып жатқан қайғылы оқиғалардың себеп-салдарын түсіндіруге бағытталған талдаулар біздің дереккөздерімізде де көбейіп кетті. Олардың қатарында бұрынғы Испан сыртқы істер министрінің «қауесеттерге ергенше үндемеген дұрыс» деген сөзі кең ауқымды түсініктеме. Мен Еуропарламенттің вице-президенті болған он бес жыл ішінде Қазақстанға екі рет келдім және содан бері соңғы отыз жыл ішінде материалдық, мәдени, әлеуметтік және саяси жетістіктері айтарлықтай дамыған халықпен тығыз қарым-қатынаста болдым. Қазақстанның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі он төрт есеге өскенін айтсақ та жеткілікті. Елге 370 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Барлық деңгейде білім беруде айтарлықтай жетістіктерге жетті және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде жиырма бесінші орынға ие болды. Халық ең көп қоныстанған Алматы қаласы қарқынды қаржылық және коммерциялық орталық болып табылады. Ал жаңа елорда модернизацияның елеулі күш-жігері, жақсы талғам, шекті сән-салтанат пен эстетикалық тепе-теңдік арқылы жоқтан құрылған сәулет пен ландшафтық ғажайыптың жемісі. Мен астана университетінде оқыған лекциямды ыстық сезіммен еске аламын, онда менің баяндамамнан кейінгі кең әрі қызу пікірталасқа қатысқан жүздеген студенттің дайындықтары мен ағылшын тілін тамаша қолданыстары мені таң қалдырды. Осындай деңгей біздің мемлекеттік жоғары оқу орындарында болғанын қалаймын. Қазақстанның тағы бір назар аударарлық ерекшелігі – әртүрлі діни конфессиялардың, бір көшеде православ шіркеуі, католиктік шіркеу, синагоганың немесе мешіттің алдында серуендеуге болатын ашық және толерантты жағдайдағы діннің толық еркіндігі аясында үлгілі қатар өмір сүруі.

Дүниежүзінің көптеген елдерінде бұрын-соңды болмаған жайт – діндарлар құрмет пен келісімде өмір сүреді. Бұл жағымды қасиет институционалдық, әлеуметтік және саяси деңгейде Үкімет пен Президент Назарбаев тарапынан мұқият насихатталды. Қазақстанда жүзден астам адам қаза тапқан, мыңнан астам адам жарақат алған, әкімшілік ғимараттар қираған, әуежайға шабуылдар жасалған әлеуметтік құрылымдағы елеулі өзгерістерге қарап бұны азаматтардың стихиялық наразылығы ретінде басталды деу шындыққа келіңкіремейді. Елдің батыс өңірлерінде сұйытылған табиғи газдың қымбаттауына арналған шерулер бейбіт өтті. Үкімет бұл мәселеде дереу әрекет етті, бірақ өз қызметтерінен босатылды. Бұл жағдайды көлеңкеде дайындалған, нағыз төңкеріс жасау мүмкіндігін күтіп отырған диверсиялық топтар пайдаланды. Мұны Алматыдағы Қасиетті Троица епархиясының епископы отандасымыз Хосе Луис Мумбиела өз резиденциясының терезесінен зомбылықтарды көріп, орын алған жайтқа баға беру барысында оларды наразылық емес, қарулы шабуыл ретінде сипаттады. Оқиғаға кімнің жауапты екені әлі белгісіз болса да, барлау қызметінің басшысы мен басқа да жоғары лауазымды шенеуніктердің қамауға алынып, тергеу басталғаны жақын арада бұл істің жай-жапсарын ашатын болады. Қалай болғанда да, бұл ішкі құбылыс және институционалдық құрылымның құлдырамағанын және Президент Қ.Тоқаев пен биліктің дер кезінде, салмақты және батыл реакция жасай алғанының арқасында қазақстандықтарға, қоғамға тыныштық пен бейбіт өмір қайта оралды. Президент Қ.Тоқаевтың ҰҚШҰ мүшелерінен, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстаннан көмек сұрауы өте орынды болды. Көршілердің көмегінсіз мұндай ереуіл бүкіл аймақты тұрақсыздандырып, Қазақстанды одан әрі ойран мен азаматтық соғысқа батырар еді. Ресей өзінің гегемониясын көрсету үшін Қазақстанда қалуға құлшынысы бар деген пікір тағы бір негізсіз қиял болып табылады. Іс жүзінде ҰҚШҰ контингентін шығару тез арада аяқталды.

Ал, әзірше Орталық Азиядағы сыртқы сауданың 50%-ы және инвестицияның 48%-ы негізінде және басқа да бағдарламалармен мүдделес ЕО Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуы керек. Біздің елдің, еуропалықтардың, Азиядағы шынайы, болашағы зор серіктесі ол – Қазақстан. Осыны ұмытпай, Қазақстан бізге қандай сүйіспеншілікпен, ілтипатпен, құрметпен қараса, біз де оған солай қарайық.

Метте КОНГСХЕМ, Норвегияның ЕҚЫҰ жанындағы бұрынғы елшісі: «СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ ҚАНА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКІЗЕДІ»

Норвегияның ЕҚЫҰ жанындағы, одан кейін Орталық Азиядағы бұрынғы елшісі ретінде Қазақстанның дамуын бақылап отыруға мүмкіншілігім болды. Менің бірнеше мақалам арқылы қазақстандықтарды норвегтердің азшылығы білетін, білсе де көбінесе үстірт танитын, сондықтан бұл мемлекетке назар аударуға ұмтылған болатынмын. Бұлардың қатарына БАҚ та кіреді. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Орталық Азияның басқа да төрт республикасынан гөрі күрделі саяси, экономикалық және әлеуметтік қиындықтарға тап болған мемлекеттердің бірі. Өткен отыз жыл ішінде даму жоғарыдан төмен түсті. Демократиялық институттар мен басқару жүйелерін құру уақытты талап етеді және бұндай даму әрдайым сәтті бола бермейді. Геосаяси тұрғыдан өте осал аймақта тұрақтылықты қамтамасыз ету мен елдің егемендігін нығайтуға барынша назар аударылады. Бұндай жағдайда, сөз еркіндігі мен адам құқықтарын сақтау алдыңғы орында болуы керек. Экономикалық даму елде орта класты қалыптастырды, бірақ елдің мол ресурстарының елге әділ бөлінбеуі мұнда да наразылықты күшейтті. Ал халық арасындағы тұрмысы нашар, кедей топтардағы адамдар бұл мәселеде билікке бұрыннан наразы болып жүрген. Элитаның мұндай аражігіне шыдау қарапайым халық үшін бұдан ары мүмкін болмай кетті. Біз бұл елдің отыз жылдағы жолын, оның осы уақыт аралығындағы қол жеткізген жетістіктерін ескере отырып, оларға құрмет көрсетуіміз қажет. Иә, тамыр-таныстықпен жең ұшынан жалғасушылық, жемқорлық артуда. Өкінішке қарай, бұл жағдай тек Қазақстанға ғана тән емес. Мұны біз өзге елдерде, соның ішінде Батыста да көріп жүрміз. Бай болуды білетін элита барлық жерде бар. Біз Қазақстандағы қудалау мәселесіне араласамыз ба, әлде қарапайым халықтың демократиялық прогреске қол жеткізу жолындағы ізденісіне тілектеспіз бе? Мұндай жолда кімге болса да батылдық керек. Себебі, бәріміз Қазақстанның беделді болғанын қалаймыз, солай емес пе? Мен Қазақстанның норвегиялық және халықаралық қауымдастықтардың, өзге де ниеттес елдердің арқасында әртүрлі сын-қатерлерден өте алатынына сенгім келеді. Бұған жеткізетін жол қарамен бояуды емес, сыни және сындарлы диалогты талап етеді.

ДИПЛОМДЫ КАДРЛАР НЕГЕ ЖҰМЫССЫЗДАР ҚАТАРЫН ТОЛТЫРЫП ОТЫР?

Елдегі мемлекеттік бағдарламалар аясында құрылатын жұмыс орындарының көбі уақытша. Жаңа жұмыс орындарының дені негізінен төмен және орташа өнім беретін секторларда құрылады әрі олар уақытша сипатқа ие.

Плата за безнаказанность

Осень выдалась тяжелой. Мы испытали шок от череды суицидов,...

Жыл басынан бері қанша қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды?

Олардың басым бөлігі, яғни 18 мыңнан аса жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген.

Полиция алматылық көлік жүргізушілеріне маңызды ескерту жасады

Алматының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне маңызды үндеу жасады.

Қазақстандықтар қарашада қалай демалады?

Қазақстанда күздің соңғы айы мемлекеттік немесе ұлттық мерекелерсіз өтеді, сондықтан ел тұрғындары тек демалыс күндері демалады.