«Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен футбол жарысы өтті

Тереңөзек кентінің спорттық кешенінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын және босатылған, сонымен қатар пробация есебіндегі азаматтарға ұйымдастырылатын іс-шаралар жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен футбол жарысы өткізілді.

Аталмыш шараға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары А.Елеусінов, төрешілер К.Қарашаев пен Б.Бакиров, «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының мүшесі М.Жүсіпбекова, аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет майоры Н.Н.Дүйсенбаев және тиісті азаматтар қатысты. Шара барысында пробация есебіндегі азаматтар 3 топқа бөлініп, футбол ойнады. Ойын соңында төрешілердің есебімен І,ІІ және ІІІ орындар белгіленіп, топ мүшелеріне Диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...