12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыныптасын зорлаған оралдық оқушылар тергеуге алынды

Оралда 9-сыныпта оқитын қызды зорлағандардың арасында кәмелет жасына толғандардың да бар екені белгілі болды. Қазір осы іске қатысы бар күдіктілер тергеліп жатыр, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, жәбірленушінің анасы 9 наурызда құзырлы орындарға арыз түсірген. Осыдан кейін тергеу амалдары басталыпты.

«Осы арыз негізінде көрсетілген дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Іс бойынша барлық қажетті алғашқы тергеу амалдары орындалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді БҚО полиция департаменті тергеу бөлімінің басышысы Шералы Абдрахманов.

Полиция мәліметінше, 8 наурыз мерекесін атап өтпек болған оқушылар тәулікке жалға берілетін пәтерде бас қосқан. Оқиға да сол жерде болған. Сақшылар үйін кәмелетке толмағандарға жалға берген тұрғынды да тексеруге алыпты. Ал қалалық білім бөлімі ата-аналарды жинап жиналыс өткізбек.

«Ата-аналар жиналысында мектеп педагогтары, мектеп психологтары және мектеп инспекторлары балалардың сабақтан тыс уақыттағы қауіпсіздігі бойынша әңгіме қозғайды. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама актілеріне сәйкес әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі», — деді Орал қаласындағы білім бөлімінің бас маманы Жазира Рысқазиева.

Оқушыны зорлағандар арасында кәмелет жасына толғандар да бар екені анықталған. Егер дәлелдер жеткілікті болса, бұл аса ауыр қылмыс болып саналып, күдіктілер 12-17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда қыздың зорлануына қатысты нақты деректер арнайы сараптама қорытындыларынан кейін белгілі болмақ.

Еске салайық, кеше Оралда мектеп оқушылары Халықаралық әйелдер күнін тойлау кезінде 9-сынып оқушысын зорлап кеткені хабарланған. Мереке күні қыздың ата-анасы мейрамды «өздерің тойлай беріңдер» деп рұқсат беріп, барлығын үйде қалдырып кеткен. Нәтижесінде сол кеште бірнеше бала оқушы қызды зорлаған.

Жұмыс режимін сақтау бойынша жиын өткізілді

2024 жылдың 10 желтоқсанында Мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін...

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...