12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сынақ мерзімі еңбек өтіліне қосылады

Халықты жұмыспен қамтып, әлеуметтік жағдайын жақсартуда мемлекет
тарапынан жасалып жатқан шаралар аз емес. Соған орай, еліміздің әрбір
азаматы жұмысқа тұруға және одан шығып кетуге, сондай-ақ, еңбек
шартында келісілмеген жұмысты істеуден бас тартуға құқылы. Нарық
заманына қарай еңбекке жасөспірімдер де белсене араласуда. Осы себепті,
бұл мақалада еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшеріне
тоқталып өткенді жөн санап отырмыз.

Жалпы айтқанда, Еңбек туралы кодекстің талабына сәйкес, еңбек шарты
он алты жасқа толған азаматтармен жасалады. Ал орта білім беру
ұйымдарында жалпы орта білім алғандарға мұндай мүмкіндік он бес жастан
беріледі. Денсаулыққа зиян, оқу процесіне кедергі келтірмейтін
жұмыстарды оқушылар он төрт жастан бастап істей алады.
Кинематография, концерт ұйымдарында, театрларда, цирктерде денсаулығы
мен моральдық дамуына нұқсан тигізбейтін шығармашылық жұмыстарды
орындауға қатысу үшін он төртке толмағандармен де еңбек шарты жасалуы
мүмкін. Бірақ, мұндай кезде осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған
талаптар қатаң сақталады, яғни, оқушы ол жұмыспен сабақтан бос уақытта
айналысуы керек. Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен бірге оның
заңды өкілі де қол қояды.
Осы кодекс талаптарымен айқындалғандай, 14 пен15 жастағылар
аптасына 24 сағат, 16-17 жастағы азаматтар 36 сағат жұмыс істей алады.
Сонымен қатар, 18 жасқа толмағандарды зиянды немесе қауіпті
жұмыстарға орналастыруға жол берілмейді. Адам жұмысқа еңбек шартын
жасасқаннан кейін ғана жіберіледі. Жұмыскермен еңбек шартын жасамаған
немесе оны тиісті түрде рәсімдемеген жұмыс беруші заңда көзделген
тәртіппен жауапқа тартылады.
Еңбек шарты жұмыс берушінің кінәсінен жарамсыз болған жағдайда
жұмыскерге бос жүрген уақыттағы еңбек ақысы, еңбек демалысының
пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы, өзге де төлемдер мен жеңілдіктер
тиесілі болады. Шарттағы жекелеген талаптардың жарамсыз деп танылуы
оны толықтай жарамсыз етпейді.
Еңбек шартында сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін, сынақ жұмыскердің
тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатын
көздейді және бұл мерзім жұмыс өтіліне қосылады. Сынақ мерзімінің
уақыты үш айдан аспауы тиіс. Алайда, 36-баптың 2-тармағында көрсетілген
тұлғаларға сынақ мерзімі алты айға дейін ұзартылуы мүмкін. Жұмысшы
жұмыста болмаған кезде сынақ мерзімі тоқтатыла тұрады.
Егер сынақ кезінде жұмыскер өз міндетін дұрыс атқармаса жұмыс
беруші шартты бұзуға негіз болған себептерді көрсете отырып, еңбек
шартын бұзуға құқылы. Сынақ мерзімі аяқталған жұмыскер еңбек
шартының бұзылуы туралы хабардар етілмесе ол өткен болып есептеледі.
Еңбек заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жұмысқа
ауыстыру жұмыскердің келісімімен жүзеге асырылады және бұл еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізумен және жұмыс берушінің актісімен
ресімделеді.
Қаракөз Қыстауова,
Алмалы аудандық No2 сотының судьясы
Алматы қаласы

ЖАНАКОРГАНЦЫ ПРИНИМАЮТ АКТИВНОЕ УЧАСТИЕ В НЕДЕЛЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»

Жители Жанакорганского района приняли активное участие в неделе «Жасыл...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Өңірімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан»...

«Құқықтық тәртіп» түсіндірме жұмыстар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында Түрксіб ст.ЖПб-нің қызметкерлері Түрксіб...

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...