12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес — баянды болашақтың кепілі

         Сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын  ол саяси даму тұрғысынан  біріне-бірі ұқсамайтын әлемдегі барлық елдерді алаңдатып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары  көп. Атап айтқанда,  қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді,  жұршылықтың заң мен әділдікке, билікке даген сеніміне сызат түсіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті.  

        «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауір төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр.

Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбі азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес — баянды болашақтың жарқын кепілі.

                                                                               Азамат Құлмахан,

  Түркістан облысы Әділет департаментінің                                                                    әкімшілік бөлімінің бас маманы

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....