12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманғы дамыған және дамушы мемлекеттердің төрінен орын алып келе жатырған кесел. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері бұл жалпыға мәлім – ең алдымен қоғамға қауіптілігімен, құпиялылығымен, экономикаға едәуір әсер етуімен, құқыққа қайшылығымен және басқа да көптеген зиянды зардаптарымен сипатталады.

Қазіргі таңда дамыған мемлекеттердің де өзекті проблемаларының бірі – осы сыбайлас жемқорлық болып отыр. Қоғамға, егемен елімізге аса зор қауіп төндіретін мәселеге ел болып алаңдап отырғанымыз түсінікті жағдай.

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Оларды тізбектей берсек өте көп. Мәселен, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал бол және тағы басқа.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдер қатарынан көріну мақсатында көптеген мәселелерді қолға алды. Бұл шаралар туралы жоғарыда тоқталған болатынбыз. Осылайша, Қазақстан Республикасы сыбайластықты болдырмауға бағытталған шараларды жалғастыра бермек .

Қорыта келгенде өтіп жатқан әрбір іс шаралардың нәтижелі болуына бүкіл халық болып қолдау көрсету әрбір тұрғынның азаматтық парызы деп есептеймін.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының

аға сот приставы Б.Изенов

Ұзақ жыл мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға көмектесетін құндылықтар

       Мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқан кезде айлығым 4000 теңгеге...

Еліміздің Ата Заңына 30 жыл!

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 30 жыл. Қазақстан Конституциясы...

Сот кабинетінің ерекшелігі

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан...

Қарамола ережесі: Абайдың әділетпен өрілген аманаты

Бүгінгі мақаламда, ұлы ақын, ойшыл ғалым, әрі ағартушы Абай...

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...