12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлық – бір індет десе де болады

Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес.
Ал, енді бүгінгі тақырыбымызға арқау болған сыбайлас жемқорлық мәселесі қай уақытта пайда болғанына тоқтала өтсек. Бұл мәселе ежелден келе жатқан құбылыс десек артық айтқандығымыз болмас. Сыбайлас жемқорлық түрлері заман ағысына қарай өзгеріп келеді.
Әр елдің тарихында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы жазба деректер бар. Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.
Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған маңызды мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі. Бұл да қазіргі кезеңдегі белең алған бір індет десе де болады. Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп атап көрсетілген. Құжаттағы көңілге бір қонымды жәйт ол: мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олардың қызметтен босатылатындығы. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайтындығы және жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынатындығы. Бұны өте дұрыс шешім деп бағалаймын. Себебі сыбайлас жемқорлық — заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Осындай қатаң шаралар қолдану тосқауыл бола алады. Ендеше сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін және оған тосқауыл қоюдың тиімді жолдары, жаңа тәсілдері қарастырылып, әрекет еткен жағдайда Жолдауда айтылған мәселелер өз шешімін табатыны сөзсіз деген сенімдеміз.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды барынша ширатып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыра түсу қажет екені сөзсіз.

Нұрдәулет Аширбаев,

Келес аудандық ПҚБ бастығы әділет майоры

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...