Сыбайлас жемқорлық – бұл үнемі мұқият зерттеуді, жүйелі көзқарасты, жан – жақты, жедел әрекет етуді қажет ететін қазіргі қоғамның теріс құбылыс. Сыбайлас жемқорлық біздің мемлекеттің ғана емес, бүкіл әлемнің мәселесі. Енді барлық елдер, соның ішінде ең озық елдер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің модельдерін қайта қарайды, жаңа міндеттерді ескере отырып, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту туралы жаңа заңдар мен ережелер қабылдайды.
«Сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы» заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күрес мыналарға негізделеді.
- заң мен сот алдында барлығының теңдігі;
- мемлекеттік органдардың қызметін нақты құқықтық реттеуді, мұндай қызметін заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік аппараттың құрылымын, кадрлық жұмысты және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу тәртібін жетілдіру;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай ақ мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық, саяси – құқықтық ұйымдастырушылық және әкімшілік жүйелерін қорғаудың басымдығы;
- мемлекеттің мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік-құқықтық қорғауды қамтамасыз етуі;
- жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың зиянды салдарын жою және алдын алу;
- жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықпен күресте көмек көрсететін азаматтарды ынталандыру;
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді алдын алудыжәне оларды жасауға кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуды өз құзыретті шегінде прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және мемлекеттік кірістер департаменттері жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою, сыбайлас жемқорллыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп – тексеру сияқты міндеттерді шешу арқылы іске асырылады.
Шымкент қаласының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының
бас маманы Д.Рахматулла.