12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керек

Сыбайлас жемқорлық – әлемді әбігерге салған індет. Жегіқұртпен күресу – кез келген мемлекеттің міндеті. Бұл жауапты міндетті сот саласы да жүйелі түрде атқарып келеді.

Сыбайлас жемқорлық әр елдің беделіне үлкен нұқсан келтіреді, сондықтан тиісті мемлекеттік органдар осы зұлымдыққа қарсы күресте орасан зор күш жұмсауда. Сот қызметкерлерінің осындай фактілерге қарсы жауапкершіліктерін күшейту, мұндай құқық бұзушылықтардың дер кезінде алдын алу маңызды.

Жоғарғы Сот сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін бірнеше бағытта тегеурінді жұмыс жүргізуде. Оның біріншісі – ақпараттандыруға қатысты. Яғни, әр сот ғимаратында парақорлықтың зиян екенін, пара берген де, пара алған да жауапқа тартылатынын көрсететін жадынамалар көрнекі жерге ілінуде. Бұл азаматтарды кеселден сақтандырудың алғашқы сатысы.

Екіншіден – құқықтық сауаттты арттыруға қатысты. Сауатты адам өз құқығын ешкімге таптатпайды. Заңды сыйлайтын, заңмен баптарымен етене таныс тұрғындар өз мәселесін де құқықтық шеңберде шешеді. Мұндай азаматтардың жемқорлықты айналып өтетіні түсінікті. Сондықтан, сот саласының қызметкерлері азаматтардың құқықтық сауатын көтеру үшін, заң баптарын түсіндіру мақсатында, жұмыс ретін көрсету үшін үнемі жиын, басқосулар өткізіп, Бұқаралық ақпарат құралдарында танымдық материалдар жариялауда.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің үшінші тетігі – жұмысты мейлінше ашық, қолжетімді, түсінікті етуде. Азаматтар сотқа келгенде қайда баратынын, қандай құжаттар жинайтынын, арызды қалай жазатынын, оның нәтижесі қалай болатынын анық біліп, сот қызметкерлерінен тиімді, жедел қызмет алған жағдайда таныс іздеп, жемқорлыққа себепші болмайды. Сонымен қатар, бұл жерде сот қызметкерлерінің жеке әдебі, білімі мен білігі де аз роль ойнамайтынын ескергеніміз жөн. Мамандардың ілтпатпен жауап беріп, дұрыс жол көрсетуі – азаматтардың таныс іздеп, сабылуның алдын алады. Осыған орай, сот мамандарының әдеп нормаларын сақтауы әрқашан бақылауда.

Бұған қоса, сот саласында еңбек етіп жүрген мамандардың үнемі білімін арттырып, кәсіби біліктілігін жетілдіріп отырудың да сыбайлас жемқорлықты тежеудегі ықпалы орасан. Жалпы, білікті маманның өз атына, өзі қызмет етіп жүрген сот жүйесінің атына кір келтірмейтіні даусыз. Ендеше, сыбайлас жемқорлықпен күрестегі шешуші тетік – кадр әлеуетімен, салаға тек қолы таза, ниеті ақ, өз мамандығын шын жүрегімен сүйетін азаматтарды топтастырумен тығыз байланысты.

Қазір әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Дүниежүзінде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Дегенмен, әр азамат өз елінің болашағы үшін жемқорлыққа жол бермеген жағдайда мемлекеттің дамитынын ұмытпаған жүр. Қазақстанның ертеңі сіз бен бізге байланысты.

Б.Шанкереев,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының кеңсе меңгерушісі

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...