12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бәрімізге міндет

Басқа да мемлекеттердегідей біздің еліміз де әр кезеңде, барлық қалаларда қоғамдық кеңестерде айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар жүргізіледі. Ондағы мақсат – жемқорлықтың алдын алу. Алдын алып қана қоймай анықтау, жолын кесу. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған заң ережелерін бұзуға жол бермеу шараларын жүргізу.

Сонда да болса, лауазымды азаматтардың «Бармақ басты, көз қысты» әрекеттері тоқтар емес. Мысалы, бір облыста бөлім басшысы, білім беру қызметіне лицензия беру үшін бес миллион теңге көмегінде пара алғаны дәлелденіп, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол лауазым иесісі сот үкімінің шешімі бойынша мемлекеттік қызметке тағайындалмайды. Ал жұмыс беремін деп 500 000 мың теңге алған басшы, сот үкімімен алты миллион теңге айыппұл төлеуге мәжбүр. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.

Жемқорлыққа белшесінен батқандар, барлық салада да бар. Қай жерде қаражат көп, сол жерге сыбайластар жиналады. Бюджет қаражатын жымқыру, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану, парақорлық, биені бүгімен, түйені түгімен жұтуға дайын тұру – нысапсыздық екені даусыз. Мұндай адамдар – ең бірінші елдің ертеңіне балта шабатындар. Екіншіден – білімсіздер, артын ойламайтындар.

Тағы бір ашылған шындық, талай мұғалім жалған дипломмен мектепте сабақ береді. Мұндай былықтың басында тұрғандар да – билік иелері. Бүкіл әлем бізге көз тігіп отыр деп жалған мақтанумен 30 жылды еңсердік. Елімізде 11 елдің басшылары бас қосқан VI саммит өтті. Млрд-таған инвестиция құйылады деп көзделуде. Бюджетке түскен қаржыны сыбайлас жемқордан сақтау – әрбір адамның міндеті. Қай мекемеге қаржы бөлінседе қоғамның бақылауында болуы керек. Бақылауды сол мекеменің жәй қызметкерлері атқарса, қаражаттың қайда кетіп жатқанынан есеп беріліп отырса, оны тексеретін бейтарап уәкілеттік орған сайланса, жемқорлық азаяр еді. Сонымен қатар, қатаң заң қабылданып, бұлжытпай орындалса.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық, сыбайлас жемқорды ел болып тұсалауға ат салысайық! Жаңа Қазақстанның көркеюіне, дамуына, іргелі елге айналуына еңбек ететін азаматтарымыз тәрбиелі, тәртіпті, елін мақтан тұтатын ерен Ер болсын!
Бұдан былай сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Қызылорда қаласының
мамандандырылған тергеу
сотының кеңсе меңгерушісі А.Ж.Куншыгарова

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...