Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық елдерді қамтитын мәселе. Сыбайлас жемқорлықтың қоғамда белең алуы ең алдымен мемлекеттің беделіне, сонымен бірге, сот пен барлық құқық қорғау органдарының беделіне зор нұқсан келтіреді. Еліміз басқа көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. 2015 жылы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес алдын алу шаралары қағидалармен реттеледі.  

Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың  қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде.  Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу үшін қарсы күресуіміз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық. Еліміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу тек сот және құқық қорғау мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, әрбір ұлтжанды азаматтардың парызы. Бүгінде барлық мекемелерде сенім телефондары жұмыс жасайды. Мемлекеттік органдардың қызметшілері халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды түрде қол жетімділігі жөнінде кеңінен насихаттауда. Бұл да белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді, олардың туындау жағдайлары мен себептерін анықтау мен азайтудың негізгі буынын белгілейді. Басты рөл сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның пайда болуының алғышарттарын жою арқылы сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі төмендетуге мүмкіндік беретін кешенді алдын алу шараларына жүктелген. Негізгі шаралар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды кеңінен жүргізу, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамның әділдігін, тұтастығын және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті міндет.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Н.Асылбекова

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...

Регионы-аутсайдеры по исполнению плана-графика МЭКС назвали в проектном офисе

На заседании проектного офиса нацпроекта по модернизации энергетического и...

Жобалық кеңсе ЭКСЖ жоспар-кестесін орындау бойынша артта қалған өңірлерді атады

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жобаның Жобалық...