Бабаларымыз «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылықты ту еткендігін ғасы қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа да біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын бір тарихтан жақсын білеміз.
Барлық мемлекеттерде оған қарсы құқықтық, экономикалық және басқада шаралар қолданылуда.
Біздің мемлекетіміз Тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты.
Елімізде Тәуелсіз мемлекеттер достығы мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданды.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі – парақорлық.
Сот саласындағы қызметкерлер болып пара берудің себептері мен пара алудың жағдайларын түп тамырымен жою үшін бірлесіп белсенділік танытуымыз қажет.
Яғни пара беруде, пара алуда үлкен және ауыр қылмыс болып танылғанын естен шығармауымыз керек.
Сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жөнінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-Тарауында көрсетілген.
Аталған тарауда келесі қылмыстық құқықы бұзушылықтар Сыбайлас жемқорлық саласындағы қылмыстар болып табылады:
361-бап. Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану
362-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану
363-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiктерін иемденіп алу
364-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
365-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау
366-бап. Пара алу
367-бап. Пара беру
368-бап. Парақорлыққа делдал болу
369-бап. Қызметтiк жалғандық жасау
370-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс әрекеттері.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес аталған заңның мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу — жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, қоғам болып жүзеге асыратын өте жауапты да маңызды шара.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің көкейтестілігі мына жағдайларға байланысты:
Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық бостандығы мен құқықтарын бұзуға əкеліп соғады. Көптеген жылдар бойы жүргізілген əлеуметтік зерттеу азаматтардың басым бөлігін ойландыратын маңызды мəселелер арасында бірінші орынға сыбайлас жемқорлықпен күрес екендігін дəлелдеп отыр. Осы құбылыстың мемлекеттік-билік құрылымдарында тез тарау ерекшелігі бар. Сыбайлас жемқорлықтың өріс алуы мемлекеттік аппараттың жұмысына нұқсан келтіріп, оның беделін түсіреді.
Заманмен бірге өсіп — өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі — ол сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз — қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Мемлекеттік басқару жүйесін бұзады және экономиканың дамуына шектеу қояды. Басқа дамушы елдер сияқты біздің мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі ол парақорлық болып табылады. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп — тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Демек пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналады деген қоғамдық сана қалыптастыруымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болады, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді. Заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Елімізде парақорлықтың алдын — алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Кез — келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс делінген.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу — жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, қоғам болып жүзеге асыратын өте жауапты да маңызды шара. «Ғасыр дертіне» айналып бара жатқан проблеманы дер кезінде ауыздықтау — қоғам өмірінің өсуінің, дамуының бірден — бір кепілі.
Сол себептен мақаламды аяқтай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — бүгінгі күн талабы және Қазақстанның әрбір азаматының міндеті екендігін айтқым келеді.
Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соты кеңсесінің бас
маманы-сот отырысының хатшысы
Уразбаев Сырым Маратұлы


