Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының «Халықаралық қатынастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Орталық Азия геосаясат нысанынан белсенді аймақтық акторға айнала ала ма?» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар Орталық Азиядағы заманауи геосаяси үдерістерді, аймақтық ынтымақтастықтың келешегін, стратегиялық автономия, қауіпсіздік және жаһандық өзгерістер жағдайындағы халықаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Халықаралық дөңгелек үстелге АҚШ, Үндістан, Словения, Қытай және басқа елдерден келген шетелдік сарапшылар мен ғалымдар қатысты. Спикерлер қатарында:

– Судханшу С. Наяк, Podar халықаралық мектебінің директоры (Пуна, Үндістан);

– Хемсагар Барик, Джавахарлал Неру университеті (Нью-Дели, Үндістан);

– Клаус Ларрес, Солтүстік Каролина университетінің құрметті профессоры (АҚШ);

– Аленка Антлога, Словения Республикасының ақпарат жөніндегі комиссары;

– Радж Кумар Шарма, SHT университетінің Гуманитарлық, әлеуметтік және либералдық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры (Гуруграм, Үндістан).

Сарапшылар Орталық Азияның халықаралық қатынастардағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтіп, өңірдің әлемдік аренадағы тұрақты әрі дербес ұстанымын қалыптастыру үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын айтты.

Дөңгелек үстел халықаралық сарапшылар, зерттеушілер мен академиялық қауымдастық өкілдері арасында пікір алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...