12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі — заңды сақтау

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі — заңды сақтау деп білемін. Демек, сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды бағыты — заңның үстемдігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін құқықтық мемлекет қағидаттарын орнықтыруға ерекше мән беріп келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жариялаған реформаларында заңның үстемдігін — қоғамдық дамудың негізгі тірегі ретінде атап көрсетті. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңызды әрі шешуші бағыты — заңды сақтау және сот жүйесінің әділетті қызмет атқаруы болып табылады. Заң үстемдігі — кез келген өркениетті елдің дамуының өзегі. Ол мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы сенімнің іргетасы. 

Сыбайлас жемқорлық — қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық мемлекеттік органдарда қауіпті, мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына кедергі келтіреді.

Осы тұрғыда, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында сот қызметкерлерінің қатысуымен апта сайын жедел кеңес өткізіліп отырады. Жедел кеңесте  барлық сот қызметкерлерінің еңбек тәртібінің сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың болдырылмауы, олардың алдын — алуы және соттардағы бақылау — өткізу режимінің күшейтілуі, судьялар мен мамандарға қойылатын жоғары әдеп талаптары, біздер, секілді жас мамандарға тараптармен процестен тыс қарым — қатынасқа түсуге жол берілмеуі жөнінде сот төрағасымен ескертіліп отырады.

Сыбайлас жемқорлық — мемлекетті іштен ірітетін ең қауіпті құбылыс. Онымен күрестің ең тиімді жолы — заңды сақтау. Заңның үстемдігі — елдің тұрақтылығы мен болашағының кепілі.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман — сот отырысының хатшысы Айсұлтан Сандуақас

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...