Сыбайлас жемқорлықпен күрес қазіргі таңда құқықтық мемлекеттің өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет.
Өздеріңіз жақсы білесіздер, еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бойынша стратегиялық міндеттерге қол жеткізу үшін, əрине, біз экономика саласындағы сыбайластыққа жол бермеуіміз керек. «Жамандықты жазаламаған адам – оның дем берушісі» десек, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас, парақорлық фактілеріне принциптік төзімсіздікті қалыптастыру бағытында елімізде, сонымен қатар Шымкент қаласында да тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылып жатыр десем артық айтпаспын.
Лауазымдық қылмыс – мемлекеттік билігіне, мемлекеттік қызметінің жəне жергілікті басқару органдарындағы қызметінің мүдделеріне қарсы лауазымды адамдармен жасаған қылмыстар. Бұл қылмыстар жасалу нəтижесінде тиісті құқықтық актілермен реттелген мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, мемлекеттік мекемелердің, ҚР əскери күштерінің, басқа да еліміздегі əскери құрылымдардың қызметінің, азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылуына қоғамдық қауіп төнеді.
Лауазымдық қылмыстардың бір ерекшілігі –аталған органдар мен мекемелердің дұрыс қызмет көрсетуіне кедергі келтіріп, олардың қоғамдағы беделін түсіреді, сондай-ақ азаматтарда заңды мүдделері мен құқықтарының қорғалуынына сенімділігін азайтады.
Лауазымдық қылмыстардың жасалу нəтижесінде мемлекеттік билік органдарының жұмысы бұзылып, жеке жəне заңды тұлғаларға елеулі шығын келтіріледі.
Сыбайлас жемқорлық көбінесе басқа да аш көз қылмыстармен байланысып тұрады, əсіресе біреудің мүлігін ұрлау қылмысымен, сондықтан да ол қоғамға үлкен қауіп төндіреді.
Конституциялық құрылымына қауіп төндіруде сыбайлас жемқорлықтың рөлі ерекше. Мемлекеттік мекемелердегі лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлығымен кездескенде, қоғам сенімсіздік танытып, үкіметпен əрекеттесуден бас тартады. Сенімсіздік туындатып сыбайлас жемқорлық тұлғаның азаттылығына, қоғамдық мүдделерін жүзеге асыруға кедергі көрсетеді жəне басқа мемлекеттермен ынтымақтастыққа зиянын келтіреді. Сыбайлас жемқорлық қоғамның экономикалық, саяси жəне мəдени дамуын анықтайтын құбылыс болып жатыр. Осындай құбылыспен күресу міндеті құқыққоғау органдарына жүктелген.
Мемлекеттік қызметкерлерінің құзыреттілігі мен басқару құрылымының тиімділігі – қазіргі таңда мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Қазақстанда демократиялық, құқықтық мемлекетті құру жағдайында мемлекеттік қызметтің институтын құру мəселесі жүзеге асырылуда. Соған сəйкес мемлекеттің құқық қорғау жүйесі болып табылатын құқық қорғау органдарының құрылымы да жетілдіріледі.
Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу керек.
Сыбайлас жемқорлық – ежелгі заманнан пайда болып, қазіргі заманда да əлемнің барлық елдерінде жалғасын тапқан күрделі əлеуметтік құбылыс.
Тарихи тəжірибеден байқауға болады, сыбайлас жемқорлық адамзат қоғамының барлық даму кезеңдерінде кездеседі. Сыбайлас жемқорлық əлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде ұлтпен шектелмейді, оның мөлшері мен көлемі пайда болу тегіне байланысты болады.
«Сыбайлас жемқорлық» ұғымы римдік құқықта «сот тəжірибесінде құқыққа қайшылықты əрекеттер» деп танылған. Этимологиялық жағынан «corrumpere» латын тіліндегі «correi» жəне «rumpere» екі сөздің бірігуінен пайда болды. Бірінші сөз «бір нəрсе бойынша міндетті қатынастардың бір тарапында» бірнеше субъектілерінің қатысуын белгілейді, ал екіншісі «бұзу, жою, құрту» етістік-синонимдері.
Сөзжасамның нəтижесінде пайда болған дербес термин «істердің мемлекеттік басқару үрдісін немесе сот үрдісінің дұрыс барысын өзгертуді мақсат ететін қызметінде біренеше тұлғалардың қатысуын» анықтайды. Рим заңгерлері құқықты жеке меншікті жəне жария құқыққа бөлетін. Жария құқық мемлекеттің мүдделерін, ал жеке құқық жеке тұлғаның мүдделерін айқындайды. Құқықтық қатынастарын реттеу əдісі бойынша жария жəне жеке құқықты бөлетін. Кейбір салаларында мемлекеттік билік азаматтарына мемлекеттік тəртіптің игілігі үшін белгілі кезеңге жəне белгілі шартта міндетті құлқыны талап етеді. Осында жария құқықтың барлық салалары жатады: қылмыстық, қаржы, т.б. Жеке немесе азаматтық құқықтың саласында мемлекеттік билік қатынастарды тұра реттеуден қалыс қалады. Бұл жағдайда құқықтың субъектілері болып табылатын көптеген жеке дербес бірліктеріне қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді. Сондай субъект болып жеке тұлғалар (адамдар) болады жəне түрлі жасанды қосындылар (бірліктер немесе мекемелер) немесе заңды тұлғалар. Бұл құқық субъектілері өз еркінің иесі болып есептеледі жəне оларға бір-бірімен қатынасты реттеуге мүмкіндік беріледі. Мемлекет бұл қатынастырды күшпен анықтамайды, тек басқалар анықтайтын құқығын қорғайтын орган ретінде танылады.
Ғылыми, оқу, қоғамдық-публицистикалық əдебиетінде сыбайлас жемқорлық анықтамасының бірнеше түрі бар. Орыс тілінің түсіндірмелі сөздігі сыбайлас жемқорлықты лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатулығы, парамен пəрелеу деп анықтама береді.
Бұл ұғым пара беру (сыйақы беру), непотизм (пайдалы, табысты лауазымдарға тамыртуыстық бойынша «өз адамдарын» немесе туыстарын қою) жəне жеке пайдасына көпшіліктің қаражатын заңсыз иемдену. Сыбайлас жемқорлық бойынша Еуропа кеңесінің тəртіптік тобы сыбайлас жемқорлықтың кең анықтамасын береді: «жеке қызметкер, мемлекеттік лауазымды тұлға, тəуелсіз агент мəртебесіне жүктелген міндеттерінің бұзылуына соғатын жəне де мемлекеттік немесе жеке меншік секторында белгілі міндеттерін атқаруға тапсырылған тұлғалардың пара алуы немесе басқа мінезқұлқы».
Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасына деген көптеген көзқарасы бұл құбылыстың күрделігін айқындайды жəне оны терең əрі жан-жақты зерттеуін талап етеді. Осы көлемді жұмысқа келесі екі аспкетіде тоқтаған жөн көрдік. Біріншіден, сыбайлас жемқорлықты тану теориялық деңгейін тереңдету, əсіресе қоғамның экономикалық, əлеуметтік, саяси өмірінің дамуына ықпал ететін факторлардың пайда болу себептерін зерттеу аспектісінде, т.б. Екіншіден, сыбайлас жемқорлықтың құқықтық анықтамасын беру жəне осы құбылыспен күресінің практикалық шаралар жүйесін қалыптастыру аспектісінде.
Сондықтан сыбайлас жемқорлық, біздің пікірімізше, əлеуметтік-экономикалық ұғым ретінде үшініші тараптың (қоғамның, мемлекеттің, мекеменің) мүддесіне зиян-шығынын келтіріп, жеке пайда алу мақсатында лауазым мүмкіндіктерін пайдалану бойынша лауазымды адамдар мен қоғамның жеке мүшелері арасындағы қатынастарды білдіреді.
Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономикаға, əлеуметтік саласына, саясатқа ықпалын тигізеді. Осы құбылыстан туындайтын жағымсыз салдары қоғамның ілгері дамуына кедергі болып, сондай-ақ еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне үлкен қауіп төндіреді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігі билік түрлерінің өзара қатынасына байланысты болады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес экономикалық, құқықтық шаралар кешенін пайдалану арқылы жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін тиісті заңнамалық база құрайды.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот әкімшісінің жетекші маманы Жанабергенов Ғани Ғабитұлы



