12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әділ соттың басты қағидаты

Сот төрелігі жүзеге асатын ортада әділдік, заңдылық және ашықтық қағидаттары қатаң сақталуы тиіс. Сот залы – қоғам сенімі сыналатын маңызды алаң. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сот жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып қала береді.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде айқындалған. Бұл талап сот саласында да нақты жүзеге асырылып келеді. Сот отырыстарының ашық өткізілуі, процестік әрекеттердің заң талаптарына сай орындалуы, құжаттардың дәл әрі уақытында рәсімделуі – жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған тиімді тетіктер.
Сот процесінің әрбір сәті ресми түрде тіркеліп, хаттамаға түсіріледі. Хаттама – сот отырысының объективті көрінісі. Ондағы дәлдік пен бейтараптық сот шешімінің әділ қабылдануына тікелей әсер етеді. Сондықтан адалдық пен жауапкершілік сот қызметінде айрықша маңызға ие.
Сыбайлас жемқорлық көбіне бақылаудың әлсіздігі мен жабықтықтан туындайды. Ал сот жүйесінде жариялылық қағидаты кеңінен қолданылады. Көптеген сот отырыстары ашық форматта өткізіледі, тараптарға өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік беріледі, ал сот актілері заң шеңберінде қабылданады. Бұл – жемқорлыққа жол бермеудің нақты кепілі.
Сот саласында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаты қалыптасқан. Әрбір қызметкер өз ісінің қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, заң талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Бұл тек қызметтік міндет қана емес, азаматтық ұстанымның көрінісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ең алдымен адам санасынан, адал еңбектен және әділ көзқарастан басталады. Заңды сақтау мен қызметтік әдепті ұстану – әділ соттың негізі.
Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – сот жүйесінің ажырамас бөлігі. Қоғам сенімін ақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділ шешім қабылдау – сот төрелігінің басты мақсаты. Әділдік бар жерде жемқорлыққа орын жоқ.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман сот отырысының хатшысы М.Әшірбек

Уақытша және банкроттықты басқарушылардың сыйақысы қалай төленеді?

Мемлекет қаржылық қиындыққа тап болған заңды тұлғаларға да, жеке...

Эксаумақтық соттылық – сот төрелігінің бейтараптығын қамтамасыз етудің маңызды тетігі

Қазақстан Республикасының сот жүйесінде істердің соттылығы жалпы қағида бойынша...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің тірегі

Сот жүйесі – заң үстемдігі мен әділдік қағидаттары жүзеге...

Алматы облысы трансплантология саласында жүйелі нәтижелерге қол жеткізуде

Алматы облысы елімізде ағза донорлығы мен трансплантация саласын дамытуда...