Сыбайлас жемқорлық – бұл адамның көздеген мақсатына оңай әрі тез жету үшін «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүріп, оңай жолды таңдау арқылы Қазақстан Республикасының бекітілген заңын бұзып, ақша ұсынуы және оны өз еркімен қабыл алуы. Сыбайлас жемқорлық сөзінің өзі сындыру, құрту, бүлдіру деген мағынаны білдіреді. Бұл бізге сыбайлас жемқорлық кез келген елді құртып, халықтың арасына іріткі салып, келешегіміздің бұлыңғыр болатынын түсіндіреді. Бұл тезистің мақсаты: сыбайлас жемқорлықты алдын алу.
Тезистің міндеттері:
— көпшілікке парақорлыққа қарсы іс-қимылдарды насихаттау;
— ғаламдық мәселенің алдын алу және шешімін табу;
— қоғамға кедергі келтіретін, әлемдік дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресу.
Жемқорлық «Коронавирус» іспеттес десек қате болмас еді. Коронавирус секілді әлемнің түкпір-түкпірін жайлап алды да, қоғаммен өсіп, дамуда. Жемқорлықтың осылай белең алуы қазіргі таңдағы басты мәселеге айналды. Міне, осыдан «Бұл ауқымды мәселені шешу үшін қандай шаралар жасалып жатыр? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалай қалыптастырамыз?» — деген сан алуан сұрақтар туындайды. Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң бар. Егер Қазақстан азаматы немесе азаматшасы пара беру барысында ұсталса, жоғарыда аталған заң бойынша ауыр жазаға тартылады.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда пара алу, пара беру бойынша көрсеткіш 20%-дан астамға азайған. Бұлқуантарлық жайттардың бірі. Ұйымның рейтингі бойынша 1-орында Дания, ал соңғы орындардың біріне парақорлығы басым Венесуэла орналасқан. Ендігі кезекте осы елдерді сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша салыстырып көрсек. Дания – ең бақытты елдеррейтингінде 1-ші орынды алады.
Себебі, бұл ел – әлемде жемқорлықтан ең таза ел. Қылмыс та, түрме де өте аз. Сотталғанадамдар демалыс кезінде үйлеріне барады, тіпті олар жұмыс жасауға мүмкіндіктері бар. Заңға қарапайым адамнан, билік басында отырған адамдар да қатаң бағынады.
Дания еліндегі сыбайлас жемқорлықтың аз болуының негізгі себептері мынадай:
1) мемлекет пен ел тұрғындарының жауапкершіліктерінің жоғары деңгейде болуы;
2) жұмысқа тұру барысында және компаниялардың өз ішінде арнайы заңының болуы, екі жақтан келісімді түрде пара алуға немесе бермеуге әрекет жасаулары;
3) жемқорлық туралы заң бойынша кімде кім пара берсе, ұсталса немесе күдікті ретінде саналса ұзақ жылға бас бостандығынан айырылып, мансабымен қош айтысады;
4) елдегі ақша айналымы ашық түрде жүргізіледі. Кіріс пен шығыс қатаң бақыланып отырады.
Бұл елдің экономикасы дамыған және тұрғындардың өмір сүру жағдайлары жоғары екенін көрсетеді. Егер кез келген елде жемқорлық жоқ болса, халқы бақытты, елі тыныш және өмір сүруге қолайлы болар еді.
АҚШ Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, Венесуэладағы сыбайлас жемқорлық деңгейі жалпы әлемдік стандарттар бойынша жоғары және Венесуэла қоғамының өзіндік деңгейлерінде көптеп таралған болып табылады. XX ғасырда елде табылып, ашылған мұнай саяси парақорлықты одан сайын күшейтті. Сыбайлас жемқорлықтың күннен күнге көбеюі, үкіметтің елді дұрыс басқармауы себебінен Венесуэлада үлкен экономикалық дағдарыс орын алған болатын.
«Transparency International» ұйымының 2019 жылы жүргізген сыбайлас жемқорлықтықабылдау индексін зерттеулері бойынша, 180 елдің ішінде Венесуэла 173-орынға ие болды. Бұл көрсеткіштің жоғары болуы тұрғындардың да назарын аударып, үкіметте жемқорлық кеңтаралған деп санап, бірнеше рет парақорлыққа қарсы наразылық шерулерін өткізуге себеп болды.
Қазір жасалып жатқан шаралар болсын, алдағы уақытта қолға алынатын шаралар болсын, ұйымдар болсын әр қандасымыздың бойында Елімізге деген кішкене ыстық сезім, сүйіспеншілік болмаса, бәрі бекер екені мәлім. Отанға деген махаббат, елге адал қызмет ету, өз халқына жанашыр болу, біреуге пара беріп, пара бермеуі. Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң жүйесін өзге елдердегідей қатаңдату қажет.
Мысалы, жемқорлыққа қарсы ең ауыр жазалар Қытайда қолданылады. Сонымен қатар, Сингапурдың заңдар жүйесін қарауға болады. Қорытындылай келе, әр адам өз-өзімен жұмыс жасау керек, тек бас пайданың қамын емес, елдің келешегін ойлау қажет. Саналы ұрпақты тәрбиелеп, олардың бойына адал қызмет ету, заңсыз жолмен келген ақшамен шалқып өмір сүру бақыт емес, керісінше, болашағы жарқын елде өмір сүру үлкен бір бақыт екенін түсіндіруі қажет.
Әрине, үкімет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар үнемі жағдайды қатаң түрде бақылауда ұстаулары маңызды. Еліміздің амандығы мен дамығанын, бәсекеге қабілетті мықты елдер қатарында болғанын қаласақ, сыбайлас жемқорлықты жеңуге бірге ат салысуымыз қажет. Бірлікте болсақ, заңға сүйеніп әрекет етсек алынбайтын қамал жоқ. Сананың өзгеруі адамның ішкі жан дүниесін, пейілін өзгерткенде, өзін саналы тұрғыдан өзгерткісі келсе, бәрі дұрысталары анық.
Астана қаласының қылмыстық істер
жөніндегі ауданаралық сотының бас маманы Асқар Ислам