12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Сыбайлас жемқорлық — бұл қоғамның барлық салаларында кездесетін күрделі мәселе. Сыбайлас жемқорлық — қоғамның дерті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Аталған Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары:

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:

      1) заңдылық;

      2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

      3) жариялылық пен ашықтық;

      4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

      6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

      8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері:

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

      1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

Сыбайлас жемқорлық — бұл лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану арқылы жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына жасалатын іс-әрекет. Ол қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік дамуына кесерін тигізеді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бас маман – сот отырысының хатшысы А.Ысқақова

«Фарабитану» көптомдығының 20-томының тұсаукесері өтеді

23 желтоқсан күні сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық...

Халықаралық құқықтық көмек көрсету қызметі бойынша

Халықаралық ұйымдардың актілері, мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар және Қазақстан...

№21 мекемеде Тәуелсіздік күніне арналған тәрбиелік іс-шара өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай №21 мекемеде сотталғандар арасында...

МВД обратилось к участникам дорожного движения

В связи с празднованием Дня Независимости Республики Казахстан многие...

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, — деп хабарлайды...