Суық қаруды заңсыз тасымалдау – қылмыстық жазаға әкеп соғады

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған А. есімді азамат Байқоңыр қаласында 2022 жылдың қаңтар айында жұдырықты ұрысқа арналған түйіспелі соққы-ұстатқыш «кастет» суық қаруын тасымалдағаны үшін «Байқоңыр» кешеніндегі РФ ІІМ басқармасының полиция қызметкерлерімен ұсталған.
Яғни, сотталған А. есімді азамат Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол берген.
Нәтижесінде, сотталған А. есімді азамат 20.04.2022 жылғы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының үкімімен 60 (алпыс) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі қылмыстық жазаға сотталған.
«Бұл кастет құралының суық қаруға жататындығын білмедім, өзімді қорғау үшін ұстап жүргенмін. Жастықпен жасаған әрекетім үшін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза алдым. Қазіргі уақытта Ақай ауылдық округінде қоғамдық орындарда көгалдандыру, қоғамдық орындарды қоқыстан тазалау жұмыстарын жасап жатырмын және бұдан кейін ешқандай қылмыстық құқық бұзушылыққа бармаймын. Бұл маған үлкен сабақ болды»,- деді есептегі азамат.

А.Танбаев,

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің бастығы
әділет майор

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...