12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судьялар съезі сот жүйесінің жұмысына жаңа серпін береді

Республика судьяларының басын қосатын айтулы шараның өтуіне де санаулы күндер қалды. Биылғы 23 қазанда ҚР судьяларының кезекті VІІІ съезін өткізу жоспарланып отыр.

Осыдан жиырма төрт жыл бұрын, 1996 жылғы 19 желтоқсанда Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының бірінші съезінде ел тарихында тұңғыш рет судьялар қауымдастығы құрылып, жарғысы, мақсат-міндеттері белгіленгеннен бері сот жүйесінің ең өзекті мәселелері судьялардың ең басты форумында талқыланып келеді.

Судьялар одағының жарғысына сай судьялар съезі төрт жылда бір рет шақыртылады. 1996 жылдан бері осы күнге дейін 1996, 1999, 2001, 2005, 2009, 2013 және 2016 жылдары жеті съезд өткізілді.

Әрбір съезде сот жүйесінің өзекті мәселелері талқыланып, қоғам дамуы мен халықтың сұранысына сай міндеттер белгіленіп отырылады.

Елбасы Н.Назарбаев судьялардың VІІ съезінде сөйлеген сөзінде тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда түбегейлі жаңа өзгерістерге сай келетін заманауи сот жүйесі қалыптасқанына ерекше назар аударды.

«Сот жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты – тәуелсіз және сатылмайтын сот билігін қалыптастыру. Бұл жерде судьялардың адалдығы мен біліктілігі, сот төрелігінің әділеттігі мен қолжетімділігі маңызды», – деген болатын Тұңғыш Президент.

Елбасы қабылданған «100 нақты қадам» ұлт жоспары құқық қорғау органдары мен соттардың қызметінің барлық қырын қамтитынын атап өтті.

Еліміздің сот жүйесі өзіне артылған сенімді ақтап келеді. Өткен съезден бері көптеген жұмыстар атқарылып, съезде қойылған міндеттер орындалды.

Елбасының бес институттық бағдарламасының «Заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған екінші бағытын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сот жүйесіне берілген тапсырмалар қысқа мерзім ішінде орындалып, 2016 жылдан бастап еліміз бес сатылы сот жүйесінен үш деңгейлі жүйеге көшті. Бірінші сатыдағы барлық істер аудандық соттарда, апелляциялық істер облыстық соттарда, ал кассациялық тәртіптегі істер Жоғарғы Сотта қаралуда.

Ұлт жоспары аясында мемлекеттің, қоғамымыз бен экономикамыздың дамуына іс жүзінде нақты құқықтық орта қалыптастыруға мүмкіндік беретін 59 заң күшіне енді. Жаңғыртылған заңдар қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыратыны сөзсіз.

Сот төрелігіне қолжетімділікті жақсартып, сот өндірісін оңайлату мен жетілдіруге, заманауи ақпараттық технологияларды және бітімгершілік рәсімдерін кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін жаңа Азаматтық-процестік кодекс, «Жоғарғы Сот кеңесі туралы» заң күшіне енді. «Қазақстан Републикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы»

Конституциялық заңға, Қылмыстық іс жүргізу және Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстеріне тиісті өзгерістер енгізілді.

Судьяларға қойылып отырған біліктілік талаптары күшейтілді. Судьялықтан үміткерлерді таңдаудың жаңа жүйесі жасалды.

Сот процестерінің бейнебайланыс жүйесін пайдалана отырып өткізілуі және аудиобейнежазбаны судьялар мен процеске басқа да қатысушылардың тоқтата тұруына немесе редакциялауларына мүмкіндік берілмейтіндігі барша сот процесіне қатысушыларды тәртіпке салып, сот процестері мен қабылданған сот шешімдерінің шынайылығын қамтамасыз ету бағытында оң өзгерістер әкелді.

Бұл ретте, сот қызметінің толықтай цифрландырылуы сотқа жүгінген азаматтарға өте ыңғайлы екенін дәлелдеп отыр және бүкіл әлемді шарпыған індет кезінде қандай да бір қиындықтарсыз және кедергісіз өз қызметін жалғастыруға, істерді уақтылы және сапалы қарауға мүмкіндік берді.

Алдағы съезде де қазіргі қоғамның талабынан шығатын тұшымды ой-піріклер айтылып, биік мақсаттар қойылады деп сенеміз, өйткені бұл маңызды іс-шарада көтерілген мәселелер сот жүйесінің жұмысына жаңа серпін беретіні даусыз.

 

Алматы қаласы

Алатау аудандық сотының судьясы Д.Айкулов

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...