Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың қаншалықты күрделі екенін көпшілік жақсы білсе керек. Ал сол іріктеу сатыларынан сүрінбей өтіп, судьялық міндетті атқарудың қиындығы қаншалықты жоғары болса, судья ретінде қызметке кірісіп, соттың абыройы мен беделіне нұқсан келтірмейтін адал да заңды қызмет етудің жауаптылығы одан да зор.

Себебі судьяға заңды білу, оны тәжірибеде дұрыс қолдану жеткіліксіз. Бұған қоса судья соттың беделіне көлеңке түсірмейтіндей ұстамды, тәртіпті, адал, шешен, жинақы, сөзін тараптарға тыңдата білетіндей парасатты, беделді болуы да шарт. Заңдар мен кодекстер судьялардың күнделікті жұмыс барысындағы негізгі сүйенері болса, Әдеп кодексі – қазылардың қызметтегі, қызметтен тыс кездегі жүріс-тұрысы мен әрекетінде әдептілік нормаларын сақтауының алғышарты болып саналады. Осы ретте судьялардың қорғаны болған, сот қауымдастығының беделін көтеруге, мәртебесін нығайтуға бірден-бір қызмет етіп келе жатқан Судьялар одағы қоғамдық бірлестігінің әрбір судья үшін орны бөлек.

Одақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялар мәртебесі» туралы заңына сүйене отырып 1996 жылы 19 желтоқсанда құрылған еді. Сол жылы республика судьяларының басын қосқан І съезд ұйымдастырылған болатын. Осы съезде «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі жұмысын бастап, ең алғашқы Әдеп кодексін көпшіліктің мақұлдағаны есімізде. Қазіргі кезде Судьялар одағының филиалдары облыстық сотта және Жоғарғы сотта қызмет етеді. Оларда өз кезегінде судьялар этикасы жөніндегі комиссиялар мен ардагерлер кеңестері жұмыс істейді.

Судьялар одағы – әр судьяның арқа сүйер тірегі. Одақ сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша судьялар қауымдастығының күшін біріктіру; сот билігінің беделін арттыру, Судья әдебі кодексінде қойылған талаптарды судьялардың орындауын қамтамасыз ету бойынша іргелі жұмыстарға мұрындық болып жүр.  Сондай-ақ соттың тәуелсіздігін нығайту, судьялардың әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз ету, судьялық өзін-өзі басқаруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу де Одақ құзырында тұрған айрықша мәселе.

1996 жылдан бері Судьялар одағы мемлекеттік органдарда және қоғамдық бірлестіктерде судьялар қауымдастығының мүдделерін білдіріп жүр. Осы жылдар ішінде Одақ сот тәуелсіздігі мен мәртебесін нығайтуға ықпал етумен байланысты үлкен жұмыстар атқарды. Судьялар одағының төрағасы Досжан Әмірдің соттағы мәселелерді әлеуметтік желілерде ашық талқылап, судьяларға қатысты айтылған негізсіз сын, қисынсыз пікірлерге дер кезінде үн қатып, жауап беріп отыруы да орынды, лайықты қадам деп ойлаймын.

Сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі және судьялардың құқықтарын қорғаудағы судьялар қоғамдастығының рөлін күшейту мәселелері ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Төрт жыл сайын өтетін республика судьяларының дәстүрлі съездерінде де бұл мәселе үнемі айтылып, талданып жүр. Мұндай мазмұнды, маңызды шаралар азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтып, судьялардың қоғамдағы орнын айшықтауға ықпал етері даусыз. Сондықтан Судьялар одағының жұмысын әлі де жандандырып, филиалдардағы іс-шаралардың ауқымын кеңейткен абзал.

Маржан Суранчиева, Алматы қаласы Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

ОСК ҚАЗАҚСТАННЫҢ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ

Бүгін Астанада Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын...

ОСК ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 2026 жылғы 23 тамызға...

Ұлттық архивтің ашылғанына 20 жыл: негізгі жетістіктері мен даму бағыты

Елімізде архив ісінің дамуына айрықша көңіл бөлініп келеді. Тарихи...

О правовой определенности и равенстве участников государственных закупок

В практике административных судов возникают споры, связанные с достоверностью...

Сот жүйесіндегі тәлімгерлік –кәсіби қалыптасу мен сапалы сот төрелігінің негізі

Сот жүйесінің тиімділігі, ең алдымен, судьялардың кәсіби біліктілігіне, қабылданатын...