12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

СУБСИДИЯ САЯХАТШЫЛАР ҚАРЖЫСЫН ҮНЕМДЕУГЕ СЕП

Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің болжамына қарағанда 2022–2032 жылдары туризм және саяхат индустриясы жылына орта есеппен 5,8% өседі. Сондай-ақ, әлемдік экономикада туризм есебінен 126 млн қосымша жұмыс орындары құрылады. Бұл мәселе Алматыда өткен V халықаралық қонақ үй форумында да талқыланды.

– Грузияда сіздер саяхат кезінде тек үлкен қалаларды ғана көре аласыздар. Өйткені, басқа бағыттарды біз қамти алмаймыз. Мүмкіндігіміз шектеулі. Сіздерде туризм саласына қатысты барлық бағытты дамытуға мүмкіндік бар. Сондықтан бұл саланы дамыту үшін әртүрлі бағыттардағы даму стратегиясын жасаудың маңызы зор. Ол шетелдік туристерді өздеріңізге көбірек тартуға жол ашады, – дейді Грузияның Тбилиси қаласынан келген Қонақ үй менеджменті институты (HMI) бас директорының орынбасары Ана Абрамишвили.

Accor отельдер желісінің ТМД елдеріндегі операциялық директоры Алексис Делароффтың айтуынша, өзге елдермен салыстырғанда Қазақстанның халқы тығыз орналаспаған. Сондықтан ол өз саясатын барынша халықаралық туризмге бағыттағаны дұрыс шығар. Әрине ішкі туристерді де ұмытпау керек. Әсіресе, үлкен қалалардың маңында отбасылық демалысты ұйымдастыру бағытына көп көңіл бөлу қажет. «Қазір әлемде Түрікменстан мен Солтүстік Кореядан басқа елдердің бәрінде қонақ үйлер жеке меншікте. Сондықтан инвестиция салу үшін ол табыс табу керек. Инвесторлар өзіне тартымды болған кезде ғана қаржы салады. Біздің бүгінгі күнде Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Бурабай және Ақтауда 12 қонақ үйіміз бар. Енді инвесторлармен жүзеге асыратын Алматыда тағы бірнеше жобаны жоспарлап отырмыз. Осы аптада Семейде мүдделі компаниялардың кеңесшілерімен кездесетін болам, – деген франциялық сарапшы қонақ үй бизнесінің туризм саласындағы рөліне айрықша тоқталып өтті. Өзбекстанан келген «Silk Road Samarkand» халықаралық туризм орталығының бас директоры Артем Егикянның сөзіне қарағанда 2019 жылы Самарқанға 600 мың саяхатшы келген. Алайда, онда туристерге арналған лайықты қонақ үй болмағандықтан олар мұнда Ташкент арқылы келіп, түнеу үшін қайтадан сонда қайта қайтып кеткен. Жалпы, қонақ үйге саяхатшылар тек түнеп шығу үшін ғана келмейді. Егер ондағы қызметтің түрі мен көлемін ұлғайтатын болса, саяхатшыларға ұсынылатын бағдарламалар арқылы олардың демалысын 1 емес, бірнеше күнге дейін жоспарлауға мүмкіндік бар.

Сондықтан олар қазір алдағы 2 жылда өздеріне саяхаттап келетін туристер санын 1,5 млн адамға дейін жеткізуге көңіл аударуда. Украинамен арадағы жағдайға байланысты соңғы кезде өз елінен үдере қашқан ресейліктер Қазақстан қонақ үйлеріндегі бағаның күрт қымбаттауына түрткі болды. Ондағы сұранысқа байланысты бағаның күрт қымбаттауы жұртшылықтың алаңдауын тудырып отырғаны форумда назардан тыс қалмады. Visit Almatу Алматы қаласының туристік ақпарат орталығы директорының орынбасары Бауыржан Пазылхайырдың айтуынша, Ұлттық статистика бюросының деректеріне қарағанда алғашқы жартыжылдықта жергілікті жерлердегі қонақүйлердің толуы 38,4 пайыз болатын. Ал маусымның аяғында ол 80 пайызды құрап, тамыздан бері 90 пайызға жетті. Егер алғашқы жартыжылдықта қонақүйлер өз тұтынушыларына түрлі жеңілдік жасаса, қазір оның ешқайсысы жоқ. Тіпті, ешкімге корпоративтік ұжымдық жеңілдік те жасалмайды. Бұл бәсекелестік орта болғандықтан ондағы бағаны ешкім бақылай алмайды. Сұраныс бар жерде бағалық саясат жұмыс істейді. Ал «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жүйелік шараларды жүзеге асыру департаментінің директоры Тимур Кожубековтың айтуынша, Қазақстанда қазіргі таңда ішкі туризм трендтен түскен жоқ. Шетелдік туристер бойынша пандемияға дейінгі деңгейге әлі жетпедік. Мәселен, 2019 жылы Қазақстанның көрікті жерлерін көруге 1 млн шетелдік саяхатшы келсе, биылғы алғашқы жартыжылдықта олар 300 мың адамды құрады. Бұл сан жыл соңына қарай 700 мың болады деп жоспарлануда. Биыл алғашқы жартыжылдықта қонақ үйлердегі туристерге көрсетілген қызмет көлемі 68 млрд теңгені құрады. Оны пандемияға дейінгі көрсеткішпен салыстыратын болсақ 2019 жылдың 6 айында бұл көрсеткіш 51 млрд теңге шамасында болған еді. Жалпы мейманханалардағы туристерге көрсетілетін қызметке – тамағы, жатын орны, СПА және тағы басқалар кіреді. Қонақ үйлердегі нөмірлік қорды 2025 жылға дейін 250 мыңға көбейту үшін жекеменшік инвесторларды тартып жатырмыз. Жаңа нысандарды ашу үшін инвесторларға мемлекет 10 пайызға дейін жеңілдік беріп отыр. Сондай-ақ, 200 мың АЕК көлемінде инвестиция кіргізетін болса (600 мың теңге) келісімшарт жасалғаннан кейін, мемлекет инвестициялық преференция беруге де дайын. Мұндай инвестициялық жобаларды қазір «Kazakh Tourism», «Kazakh Invest» ұлттық компаниялары өзге де құзыретті органдар жүргізіп жатыр. Форумда 2001 жылғы «Қазақстандағы туристік қызмет туралы» заңға алдағы уақытта жаңа өзгерістер енуі мүмкін екені де айтылды. Ол бұған дейін 23 қыркүйектегі Премьер-Министрдің төрағалымен өткен Үкімет отырысында сөз болған еді. Т. Қожубековтың сөзіне қарағанда, туризм саласындағы баға саясатын тұрақтандыруда мемлекет қандай шара қолдана алады деген кезде ең алдымен ішкі туризмге берілетін субсидияны айтуға болады. Бұл жерде түрлі бағдарламалар бар. Сол арқылы талдау жасалып, әрбір отбасылық демалыстың 30 пайызын мемлекет өз мойнына алады. Мысалы, биыл отбасылық демалыс аясында 600 отбасының 1900 баласы ел ішінде ұшақпен тегін ұшты. Яғни, толық субсидия балалардың авиабилеттерін ішкі нарықта қамтамасыз етті. «Енді келесі шара жасалып жатыр. Ол туристік кэшбек деп аталады. Ішкі туристерге арналған бұл шара аясында олардың демалысының 10-20 пайызы қамтамасыз етіледі. Оны жүзеге асыру үшін заңға өзгеріс керек. Оның арнайы құзыретті органы, басқарушысы болу керек. Кім төлейді, кім субсидия береді деген сияқты. Егер депутаттар мен үкімет тарапынан қолдау болып жатса онда біз бұл шараны да енгізе аламыз», – деген «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жүйелік шараларды жүзеге асыру департаментінің директоры бұл заңның қашан үкімет пен Парламент Мәжілісі қарауына ұсынылатынын айта алмады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,