12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Су үнемдеу үшін Қызылорда облысында 60 мың гектарға жуық күріш алқабы лазермен тегістелді

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының диқандарымен кездесті. Биыл өңірде 60 мың гектарға жуық егіс алқабы лазермен тегістелді.

Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр 55 мың гектарды лазермен тегістеудің нәтижесінде 200 млн текше метр су үнемделген болатын. Ал орташа өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін ұлғайды.

Айта кетсек, Үкімет ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лазермен тегістегіштерді сатып алу шығындарын 50%-ға дейін субсидиялайды.

🗣

«Сіздермен ең алғаш кездескенімде бірнеше ұсыныс айтқан едіңіздер. Өтініштеріңіз бойынша біз кооперативтерге арналған субсидия мөлшерін 25%-дан 50%-ға дейін ұлғайттық. Осыған дейін субсидия егістік алқабы 200 гектардан асатын шаруашылықтарға ғана төленеді деген талап бар еді. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, бұл шектеуді де алып тастадық»,

 — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысында лазермен тегістейтін 123 техника бар. Бұл 100 мың гектарға дейін егістік алқапты қамтуға мүмкіндік береді.

Биыл ауа райының ерекшеліктеріне байланысты Қызылорда облысында да суару маусымы әдеттегіден ертерек басталды. Жауын-шашын болмағандықтан суармалы суға сұраныс екі есе артып отыр. Бүгінде өңір диқандарын сумен қамту үшін Шардара су қоймасынан секундына 600 текше метр су жіберіліп жатыр.

🗣

«Министрлігіміз Президенттің тапсырмасы бойынша судың «көлеңкелі нарығын» жою үшін маңызды шешімдер қабылдады. Енді «Қазсушар» филиалдары келісімшартқа отырған шаруа қожалықтарына ғана су береді. Заңсыз су алуға рұқсат жоқ. Жаңа Су кодексінде де осы мәселеге баса назар аударылып, жауапкершілік күшейтілді. Құжат 10 маусымнан бастап күшіне енеді»,

 — деді ведомство басшысы.

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

Ата Заң – тұрақтылық тірегі

Биыл Республикамыздың Негізгі Заңы – Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Ел Конституциясымен бекітілген әрбір норма...

«Ой шебері»: Жамбыл жастарының білімге құштарлығын арттырған зияткерлік дода

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін...

Деректерді қорғау заман талабы

2025 жылғы 26 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің...

Жер дауларының өзекті мәселелері

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2025 жылдың басынан...