Су қоймаларындағы қауіпсіздік басты орында

Кез келген елдің экономикалық даму деңгейін тұрақтандыруда су қоймаларының алатын орны ерекше. Бұл әсіресе, ауыл шаруашылығы өндірісі трансшекаралық өзендеріндегі су қорына тәуелді Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары үшін ең өзекті мәселе. Сол себепті еріген қар мен жаңбыр суын тиімді пайдалану мақсатында жыл сайын күз бен көктем айларында су қоймаларын көбейтіп, олардың сыйымдылығын арттыру жайы талқыланады.

Мəселен, Үкімет отырысында Қазақстандағы су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету шаралары жайлы баяндама жасаған Су ресурстары жəне ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, елдің солтүстік, орталық, батыс жəне шығыс өңірлеріндегі су қоймаларында бос сыйымдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал оңтүстік өңірлердегі су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеуде. Еліміздегі су қоймаларының жалпы сыйымдылығы 57,3 млрд текше метр болса, 17 наурыздағы өлшем бойынша ондағы бос орын 15 млрд текше метрді құрайды. Атап айтқан су қоймаларының толуы Қазақстанның батысында 57 пайыз, солтүстік пен орталықта 67 пайыз, шы ғыста – 82 пайыз болып отыр. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 2024 жылы Ілек өзеніндегі 245 млн текше метрлік Ақтөбе су қоймасын, 2025 жылы Қапшағай су қоймасы мен Киров су қоймасын, Абай облысындағы Шар су қоймасы, Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасы, Қостанай облысындағы Албарбөгет бөгетін реконструкциялау аяқталды. Енді 7 су қоймасын реконструкциялау жобасы əзірленіп, 7 облыстағы 11 су қоймасын реконструкциялау жобаларын əзірлеу жалғасып жатыр. 2026 жылы жалпы 8 су қоймасын құрылымдау бойынша жобалар əзірлеу жоспарлануда. Сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен 57 гидротехникалық құрылысты қалпына келтіру жəне реконструкциялау үшін «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорынан қаражат бөлінді. Биыл еліміздегі тұрғын саны ең көп облыс саналатын Түркістанда «Бəйдібек ата» жəне «Қарақуыс» су қоймаларының құрылысы аяқталады. Бəйдібек ауданындағы Балабөген мен Үлкен Бөген өзендері тоғысқан жердегі «Бəйдібек ата» су қоймасының аумағы 860 гектар. Су қоймаларындағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау, су қорын көбейту – суға қатысты тапшылықты шешудің таптырмас тетігі.

Е.ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...