Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro Group»ЖШС мен И.Татаров, С.Ибрагимовке қойған талабы Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотта қаралып, біраз уақыттан бері ел назарында тұрған іске нүкте қойылды.

Сот жауапкерлер иелігіне өткен Алматы облысының Іле ауданындағы 28,7 гектар жер телімінің бір бөлігі су қорының жеріне жататынын ескеріп, осы аумаққа қатысты жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды.

Даулы жер телімі 2025 жылы тексерілген. Тексеру барысында оның 4,7 гектары «Терең-Қара Жоғарғы» су қоймасының аумағымен қабаттасатыны анықталған. Осыған байланысты Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті сотқа жүгініп, жерге қатысты мәмілелер мен әкімдік қаулысын жарамсыз деп тануды сұраған.

Бірінші инстанция Департаменттің талабын қанағаттандырғанымен, апелляциялық сот бұл шешімді өзгертіп, талаптан бас тартқан. Апелляция жер телімінің тек бір бөлігі ғана су айдыны аумағымен қабаттасатынын және мәселені шекараны нақтылау арқылы шешуге болатынын негізге алған.

Алайда кассациялық сот бұл ұстаныммен келіспеді. Соттың шешімінде су қорының жері арнайы құқықтық режимге жататыны және мұндай жерді жеке меншікке беруге болмайтыны ескерілді. Нәтижесінде апелляциялық соттың қаулысы жойылып, Департаменттің кассациялық шағымы толық қанағаттандырылды.

Бұл іс су қоры жерлерінің құқықтық мәртебесі мен оларды жеке меншікке беру мәселесінің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Айта кетейік, 2026 жылғы сәуірде Мәжілісте су қоры жерлерін жеке меншікке беру және осыған байланысты сот практикасы мәселелері де талқыланған болатын. Қапшағай су қоймасының су қорғау аймағында тексерілген 81 жер телімінің 55-інде заң бұзушылықтар анықталғаны хабарланған.

Айша Құрманғали,

«Заң газеті»

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....

Маршрут Север — Юг и Средний коридор: Казахстан наращивает транзит

Казахстан продолжает развивать транспортные коридоры, связывающие рынки Азии, России...

Контейнерные перевозки по Среднему коридору выросли на 58% за год

Объем контейнерных перевозок по Транскаспийскому международному транспортному маршруту (ТМТМ),...