12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Студенттердің кәсіби практикасы еңбек өтіліне есептеледі

Дуалды білім беру аясында Қазақстандық студенттердің кәсіби тәжірибесі еңбек өтіліне саналады, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

«Білім туралы Заңға өзгерістер енгізілді. Онда дуалды оқыту туралы шарт енді жұмыс өтілін растайтын құжаттар тізбесіне кіретіні көрсетілген. Қазір министрлік бұйрықтарға, дуалды оқытуды ұйымдастыру ережелеріне және дуалды оқыту туралы үлгілік шарттарға өзгерістер енгізіп жатыр», — деп мәлімдеді ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаменті басқармасының басшысы Қаламқас Алғазинова.

535 колледж дуалды білім беру жүйесіне көшті. 5 мыңнан астам кәсіпорынмен келісім-шарт жасалды. Қазіргі уақытта 58 мың 600 студент жұмыспен қамтылған.

Дуалды білім беру кезінде студент алдымен колледжде теориялық білім алып, кейін білімін жұмыс орнында практикада қолданады. Әр студентке тәлімгер тағайындалады. Ол мамандықтың қыр-сырын үйретуі қажет. Егер студент өзін жақсы көрсетсе, оны ресми түрде жұмысқа алады. Шәкіртақы сақталады.

«Студенттің еңбегі төленеді. Сондай-ақ, біз кәсіпорындағы жетекшілерге төлемақы төлейміз. Дуалды оқыту жүйесінің 60 пайыз оқудан және 40 пайыз кәсіпорында тәжірибе алудан тұрады. Білім беру жүйесіне бұл өте үлкен көмек, өйткені бала мамандық бойынша кәсіпорында тәжірибеден өтеді, оқиды, өндірістік үдерісті сезінеді», — деп атап өтті Менеджмент және бизнес колледжі директорының орынбасары Раушан Бектұрсынова.

Әрбір колледж дуалды оқытуға қандай мамандықты енгізу қажеттігін өздері шешеді. Оқу орнын тәмәмдаған студент дипломнан басқа қосымша құжат алады. Онда еңбек өтіліне қанша күн есептелгені көрсетіледі.

В области Абай проводятся исследования уровня психологической адаптации вновь прибывших осуждённых

В области Абай психологи учреждения максимальной безопасности проводят исследования,...

Рашида Кадырова: «Главное – преданность избранному делу»

В сфере высоких технологий, где доминируют мужчины, роль женщин...

Ауыл шаруашылығындағы мамандарға мемлекеттен қандай қолдау көрсетіледі?

Баршаңыз білесіздер, Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар...

Шаруалардың егісі тарылса да өнімі мол шықты

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы экономикалық өсімнің нақты драйверіне айналып...

Агросаладағы түйіткіл: Жастар ауылға барудан неге қашады?

Ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту мәселесі жыл өткен сайын...