12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жетісу мүмкіндіктері енді ашылады

немесе Алматы облысының жаңа әкімі Қанат Бозымбаев біліктілігін білдірді

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев осы бейсенбіде республикалық, облыстық БАҚ өкілдерімен баспасөз брифингін өткізді. Бұл қадам билік пен халықтың ортасындағы алтын көпір атанған журналистермен санасу,олар арқылы Мемлекеттік саясатқа сай халықпен бірге болатынын білдіру болды. Тағы бір баса айтатын жайт – бұрынғы әкімдер жекелеген журналистермен ғана кездесіп, сан сүзгіден өтетін есептерін,сұхбаттары мен мақалаларын ғана жариялатыны жасырын емес еді. Ал Бозымбаевтың біліктілігі сол журналистерді бөлмей аккредидациядан өткізіп, «ашық»  арқылы кіргізіп еркін әңгіме өрбітті. Тақырып аясынан ауытқу, тіпті жеке басына тигізе ілік іздегенге де сабыр сақтап,түсіністікпен, толыққанды жауап қайтара білді.  

«Jetisy Media»  атты Талдықорғандағы журналистер үйінде заман талабына сай ұйымдастырылған  жиын еркіндігімен ерекшеленді. «Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» деген тақырыптағы брифинг екі бөлімнен тұрды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Алматы облысында 2022 жылғы қаңтарда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,1% құрапты.Өнеркәсіпте 101,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 32,1 млрд. теңгеге жеткен.

 Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  102,5% артып, 32,1 млрд. теңгеге жетіпті. 33,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Облыс экономикасын өркендетуге  14,7 млрд. теңге тартылған.  Экономиканың барлық салаларында 727 жұмыс орны ашылса, соның 321-і — тұрақты жұмыс орны екен.Дерекке дәйектеме келтірсек, барлық салада өсім бар әрі ауқымды.Бұл өткенді айтумен шектелу, иә болмаса сызып тастау емес. Қайта жаңа басшы және оның командасының жұмысынан  соны  серпін мен тың  леп ескенін аңғартады.

Қытай дәлізі арқылы әлемдік экономикаға жарқын жол ашу қадамдарын облыс басшысы нық сеніммен айқаны қуантады. Біріншіден, Жетісудың географиялық орналасу ыңғайлылығы  туғызған мол мүмкіндікті пайдалануға ұмтылу. Ескі ұғыммен, еш фактісіз айтылатын алып қашпа сөздермен байбалам салудың заманы өткен. Әлемдік экономикаға зер салыңыз.Тағы бір мәселе таяуда ғана Қорғас кедені арқылы екі ел арасындағы алым-сатым мәліметтерінің екі түрлі екені айтылып, құзырлы органдар тарапынан тексерулер жүргізілетіні мәлімделді ғой.Үшіншіден, біздің ел мәліметтері сыбайласқан жемқорлыққа тірелгенін ел естіді. Ал шығыстағы көрші үшін жалған мәлімет беріп былғанудың, әлемдік рынокта беделін түсірудің  еш қажеттігі жоқ. Біле-білсек,біздің бекеттен түсетін салық олар үшін үшін теңізге тамған тамшы іспетті. Сөз реті келгенде нақты факт келтірсек: көлік-логистика саласында ірі халықаралық қатысушыларды тарта отырып экспорттық,импорттық бағытта жүктерді ауыстырып тиеуге, сақтауға және қоймалауға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарланғаны көп жайды аңғартады. Мысалға «DAR RAIL Infrastructure» компаниясының Достық станциясындағы құны 25 млрд.теңге болатын жүк тиеу терминалының құрылысын жүргізу үшін 150 жұмыс орны ашылады.Бұл жоба бойынша  Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы  жылына 9 млн.тоннаға дейін жүк таситын 300 мың контейнерді тиеу, сақтау және қоймалау көзделіпті.Түсіне білсек,халықаралық талапқа сай жүк тасымалдаушыларды қатыстырып, терминалдардың қуатын еселеп арттырады және транзиттік әлеуетті өңірде ғана емес, жалпы ел ауқымында да дамытуға серпін береді.Сондықтан өңір басшылығы бұл қадамда да сауаттылық әрі заңнама шеңберінде әрекет етуге жол ашар деген сенім бар.Себебі, Алматы облысының даму перспективаларына сараптасақ, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту және табысын арттыру мақсатында облыс әлеуетін негізге ала отырып, іс-қимыл жоспары әзірленіпті.

Бұдан әрі облыс әкімі екі тілде тең құнды мағлұматтарын ортаға салды.Негізі Алматы облысы тарихи тұрғыдан инвестициялық тартымды өңір болып табылады. Облыстың 2025 жылға дейінгі инвестициялық портфелі құрылып, оған 19 мың жұмыс орнын  ашуға жалпы сомасы 2,8 трлн. теңге болатын 289 жоба енгізіліпті.Аграрлы облыс болғандықтан басым бағыт ауыл шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп, сауда,  көлік және құрылыс беріліпті.

Баса айтатын жайт — ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру,қайта өңдеу өндірісі бойынша республикамызда Алматы облысы бірінші  орында тұр.Статистикалық мәліметті пайызға шағып айтқанда  жалпы республика бойынша өсіріліп, өңделіп, тұтынушыларға шығарытын ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша 14% құрайды.  Облыстағы тағы бір басымдық құс етін өндіруде ел нарығының  32% — ын (108,3 мың тонна) құрайды. Қазір құс етімен  облыс және Алматы қаласы тұрғындарының қажеттіліктерін толығымен өтеп отыр.Бұл жетістікпен шектеліп қалмау үшін жаңа басшылық  импортты толық алмастыру мақсатында өнім шығаруды екі есеге арттыру міндетін сала алдына  қойыпты.Қызыл сөз, құрғақ уәдені сыдыртпай алдыға қойылған осы мақсатта жету үшін  жалпы қуаты жылына 76 мың тонна өнім беретін, инвестиция көлемі 85 млрд.теңге болатын, екі құс фабрикасын «Прима құс», «Кәусар-Агро», «OTAN GreenFood» құрылысы және бір құс фабрикасын кеңейтуді жоспарлапты. Халыққа тигізетін бір пайдасы осы салада  1100-ден астам жұмыс орны құрылады.

Өткенді саралап, тың қадамдар жасау Қанат Алдабергенұлының жұмыс тәжірибесінде қалыптасқан жақсы әдеттің бірі деп санаймыз.Сол мүмкіндіктерін елге, жерге деген құрметпен патриотығын аша білсе нұр үстіне нұр болары анық.Тек тырнақ астынан кір іздемеген ләзім.Қыс қамын жазда, жаз әрекетін қыста ойластыртыра білген басшының облыстағы жылыжай бизнесіне талдау жасап,оны дамытудың тиімділігін көре білгені құптарлық. Жылыжайлардағы өнімділік көкөністерді ашық жерде өсірумен салыстырғанда 7 есе жоғары, сонымен қатар маусым аралықта халықты көкөністермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін және бағаның тұрақтануына әсер ететінін бағамдай білу де біліктілік.Сырт елге еренсіздеу көрінгенімен нақты істе мол пайда келтіретіні ескерген дұрыс.Сондықтан 2026 жылға дейін 45 гектар жерге 10 ірі жылыжай шаруашылығын салып, іске қосу жоспарланыпты. Жалпы өндірістік қуаты 25 мың тоннаны құрайды екен. Бұл көкөністердің жалпы өндірісін 2 есеге арттыруға, 500-ден астам жұмыс орнын құруға, көкөністерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік береді. Ол үшін жеңілдікпен несие беру, газдың төлемінің  50% субсидиялау, көтерме-тарату орталықтарын тарту және көкөністерге арналған форвардтық сатып алуды кеңейту бойынша шаралар қабылданатыны да бұл күні паш етілді.

Алматы облысы жылына 27,5 млн.литр сусын шығарып, сатады. Бұл республика бойынша өндірілетін сусынның 42% болса,16,2 млн. дана темекі өндіріп  көш бастап келеді. жеңіл өнеркәсіп және қағаз өндірісі көлемі бойынша өңірлер арасында алдыңғы орындағы 3 аймақтың қатарына кіреді.Сонымен қатар, облыста құрылыс материалдарының 70-тен астам түрі өндіріледі және ол елде құрылыс материалдарының негізгі жеткізушісі бола алады. Полиэтилен  пленкаларын шығаратын 5 жаңа зауыт салынып, 550 тұрақты жұмыс орны құрылып, қосымша 270 жұмыс орнын ашады. Нәтижесінде бір  жылда 22 мың тонна өнім өндіріледі.  

 

Дәстүрлі салалармен қатар қосымша инвестициялар тартатын минералдық шикізатты өндіру және қайта өңдеу саласына да баса назар аударылатыны да құптарлық қадам. Облыста уран-көмір кен орындарының (Сұлу-Чикин, Іле, Төменгі Іле, Көлжат) бірегей қорлары, сондай-ақ марганец, вольфрам, алтынның бекітілген қорлары, пайдалы қазбалардың үлкен көлемді кен орындары бар. Ірі инвестициялық жоба  Бұғыты кен орнында 94,5 млрд.теңге инвестиция көлемімен және 400 жұмыс орнын құрумен қуаты 3,3 млн. тонна кен өндіретін «Жетісу Вольфрамы» ЖШС вольфрам кенін өндіру. Тағы бір маңызды жоба 1200 жұмыс орнына 650 млрд.теңге инвестиция көлемімен 25 млн. тонна мыс кенін қайта өңдеу қуаттылығымен «Көксай Мұзбел» ЖШС тау-кен байыту комбинатын салу болып табылады.Рас, бұл жобалардың бірқатары бұрынғы әкімнің кезінде қозғалған. Бірақ, жұмыс бастылықтан арыла алмады ма, мүмкін журналистер арқылы өңір өмірін халыққа жеткізгісі келмеді ме таулар қопарылып жатса да кен орындары туралы мағлұмат беруден сырт қалған еді. Ал білікті басшы бірден әңгіменің басын аша білді.Өндіріс орындары мен облыстағы кәсіптік техникалық және тағы басқа оқу орындарын байланыстыруын көрегендік, мемлекеттік саясатқа сай әрекет ету, уақыт талабына сай қадам басу деп те бағалаған дұрыс.Уақыт атты төреші осынау игі істің нәтижесін беретіндігіне сенім артамыз.Облыста  баламалы энергияны пайдалана отырып, энергетика саласындағы өндірісті дамыту үшін ең жоғары әлеуеттердің біріне ие. 2025 жылға дейін жалпы қуаты 398 МВт болатын 320,2 млрд.теңгеге 26 жобаны іске асыру және ЖЭК үлесін 42%-ға дейін жеткізу жоспарлануда екен.  Дұрыс жұмыс жүргізе отырып, туризм саласын экономиканың толыққанды драйверіне айналдыруға да болады.Алматы тау кластері, Алакөл және Балқаш жағалауларын, ұлттық табиғи саябақтардағы экологиялық туризмді дамыту басымдылыққа ие салалар болып табылады.Жалпы, облыстың инвестициялық бағдарламасын толық іске асыру нәтижесінде 2025 жылға дейін 35 мың тұрақты жұмыс орны және шағын және орта бизнес саласында 75 мың жұмыс орны ашылатыны да бұл күні айтылды.

Баспасөз брифингінің екінші бөлімі сұрақ-жауап негізінде жалғасып, табиғи газ,тұрғын үй,электр қуатымен қамту барысындағы сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар берілді.Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ секілді оңтүстік мегополистің іргесіндегі аудандарға алдағы уақытта арнайы барып, түрлі мәселелерін реттеу жолдарын қарастыратыны да ашық айтылды.

-Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі Алтын Орда базарын тәртіпке келтіру туралы Президентіміз берген тапсырманы орындауға кірісіп кеттік. Алтын Орда базарын күрежол бойынан  жылжыту секілді өзекті мәселелерді реттеу мақсатынды базарға иелік ететін компания басшыларымен кездестік.Нақты цифрларды кәзірге ашпасам да өткен жылдары бұл базарға қатысты компания бюджетке небары 10-20 милион теңге ғана түсіріп отырыпты.Бұл цифрды Алтын Орда базарының мүмкіндіктерімен салыстырып көрсеңіз көп жайды аңғарасыз.Сондықтан сәулет және қалақұрылыс, санитарлық-гигиеналық, ветеринариялық, салық қызметі және тағы басқа салалар тексерулерін жүргізіп, сараптамаларын береді.Соған орай әрекет етеміз.

«TECHODOM» компаниясының жаңа бренді –AIRBA компаниясымен келісім-шарт жасадық.Бұл компанияға Іле ауданы аумағынан 60 гектар жер бермекпіз.Олар А+.класты логистикалық хаб құрады.Ең жоғары деңгейлі және авториризованды және 200 мың шаршы метр аумағымен Қазақстан ғана емес Орта Азиядағы ең үлкені компания болады. Бұл үшін компания 200 млн. американ долларын тартып, 1500 жұмыс орнын ашады,-деді Қанат Бозымбаев.

Талдықорған өңірінің өзекті мәселесі қант қызылшасына қатысты сұраққа

-Былтыр 180 мың тонна қант қызылшасы жиналды.Ал облыстағы екі қант зауытының қуаттылығы 800 мың тонна.Бұл қант қызылшасының өзіндік құны жоғары болып, өзін-өзі ақтамайтының білдіреді.Сондықтан зауыттар қант қызылшасын қант троснигі ретінде қайта өңдейді.Шығынның 70% бюджет есебінен жыл сайын жабудың еш қажеттілігі жоқ.Біздің шығынымызды жабу үшін алқаптарға су жеткізетін тоғандарға жөндеу жұмыстарын жүргізіп,  тазалау, суармалы жерді кеңейтіп,соған сәйкес алқаптарды  үлкейтіп өнім түсімін молайта керек шығар.Өкінішке орай сапалы тұқым іздеп, инвестиция тартудың қажеттілі жоқ. Шыны керек, аграрлы облыс болғанымен қант қызылшасын өсіру және сату проблемасы жыл сайын көтеріледі. Ащы күннің астында, желдің өтінде жүріп өсірген өнімінің пайдасын ел көргісі келеді.Бірақ тәтті түбір сапасын сақтап, уақтылы өткізу үшін  Көксу және Ақсу қант зауыттарының алдында апталап тұратын кезекті айтпағанда өнім көңілдегі бағада қабылданбайды. Әуелі мол өнім жинап алмай тоқтап тұрған зауытты ілдәлдалап іске қосумен проблема шешілмейтінін біреу білмейді, екінші тұлға білгісі келмейді. Сондықтан облыс басшысы ауыл шаруашылығы саласына оның ішінде  қант қызылшасын қабылдап, қант шығаратын екі зауыттың біреуіне ғана өнім өткізілетінін айтты. Ал екінші зауыт екінші деңгейде жұмыс жүргізіп, өз күнін өзі көруге кіріссе шектеу жоқ. Нарықтық экономиканың өзі бәсекелестіктен тұрады.

 Еңбекшіқазақ ауданы құрамына кіретін Шелек ауылына қайтадан аудандық статус беру мәселесіне жақында ғана аталған аудан әкімі ауыстырылғанын, ауыл шаруашылығы саласының маманы болып саналатын жаңа әкім Шелек ауылының төл тумасы екендігі, өңірді дамытуға білек сыбана кірісетіні айтылды. Сенімнен шығуы үшін бір ай мерзім берілгенін де облыс әкімі қарапайым тілмен жеткізе білді.Тұтастай алғанда дәл қазір жаңа аудан ашып, шенеуніктер мен олар мінетін қара машиналарды қаптатқанша сол қаражатты өңір экономикасын дамытуға жұмсаудың тиімділігін де облыс басшысы ұғындыра білді.Сонымен қатар Үйгентас, Қапал  ауылдарына аудан статусын беру мәселесі облыстық деңгейде шешілмейтінін, бірақ  алдағы уақытта сол өңірлерге арнайы барып, елдің жағдайын, тұрмысын көретінін де ашық айтты.Тұздыбастау ауылында халық тығыз орналасқандықтан мектеп, емхана және жол, электр жарығы секілді мәселеге жергілікті әкім жауап беретіні ұғындырылды.

 

Келесі кезекте облыста вольфрам өндіретін кен орнына тұрғылықты халық қара жұмыскер ретінде ғана қабылдана ма,кен орнында  кадр мәселесі қалай,техникалық оқу орындарына жастарды оқыту мәселесі шешіле ме деген мәселені көтерді.

-Бүгінгі күні Сингапурлық компания өңірдегі кен орнынан вольфрам өндіруді жүзеге асыруға дайындық жұмыстарын жүргізуде.Орта деңгейдегі тау-кен байыту комбинаты салынады.Қажетті мамандар қазірше біздің өңірде жоқ болғандықтан инвесторлар мамандарды еліміздің шығысы мен солтүстігінен тартатын шығар.Бірақ біз жас мамандарды  колледждердің бірінде  оқытып, бұл кәсіпорынмен байланысты нығайтамыз. Алдағы уақытта комбинатта жұмыс істейтін мамандарды  сол колледжде дайындаймыз. Тұтастай алғанда, колледж жергілікті өндірістік кәсіпорынмен тығыз байланыста болады.Бұл ретте тәжірибелі инвесторлар қажетті мамандарды оқыту үшін базаға мұқтаж болатынын білген дұрыс.

Табиғи газ және Балқаш — Алакөл демалыс орындарына баратын жол мәселелері көтерілгенде

-Қол қойылған мемориандумға орай былтырғы жылдың қазанына дейін газ бағасы көтерілмегені мәлім.Бүгінде «Жетісугаз» компаниясын жаңа басшы келді.Тұрғындарға газды қосып беру үшін сұралатын қаражатты реттеуге араласып, инвесторлармен сөйлесеміз.Жеке тұрғын үйлерге табиғи газды тартып, қосуға қажетті құбырлар,қазандықтар, есептеу құралдарының өзіндік құны есептеліп, газ бағасы дұрыс шемімін табады. Қажетті құжаттар көтеріліп алдағы бір-екі аптада Қазақстан темір жолы басшыларымен де келіссөздер жүргіземіз.Жаңа маусымда заман талабына сай вагондары бар поездармен  Алакөлге адамдарды апаруға қол жеткіземіз.Балқаш жағалауында да имфрақұрылымы реттелген заманауи  туристік аймақ болады.

-Бюджеттің ашықтыңын көрсетуде әкімдер қитұрқылығы және атом электр стансасы құрылысы туралы мәселеге келсек сіздер журналистер біздің одақтастарымыз болып саналасыздар.Бұл мәселе дұрыс шешімін табады. Ал АЭС құрылысын мен қолдаймын.Өйткені, біраз жылдардан кейін бізде электр тапшылығы туындауы мүмкін. Рас, атом электр стансасында салқындықты сақтау үшін су өте қажет. Ал АЭС құрылысы Балқашта ма, Ертісте ме, Каспиде салына ма, оны мен білмеймін,-деді облыс әкімі.

Қанат Бозымбаев баспасөз брифингін Талдықорғандықтар үшін істелінетін қуанышты істермен қорытындылады. Бизнес жауапкершілігіндегі әлеуметтік деңгейді көтеру мақсатында облысқа тартылатын инвесторлар меценаттар өз есептерінен Талдықорғаннан көп қабатты үйлер тұрғызуға дайын болса тағы бір меценат тұрғын үйден тыс  бес спорткешенін салуға ниет білдіріпті. Ең бастысы шенеуніктердің  жауапкершілік жүгі ауырлап, сауаттылық пен тазалық және кәсіби біліктілікті арттыратыны журналистер ойын дөп басты.  

Нұрбол Әлдібаев,

«Заң газеті».

Ұлт мақтаныштарын топтастырған «300 қайраткер» энциклопедиясы

Желтоқсан айы жыл бойына жасалған істердің қортынды айы деуге...

ТӘЛІМГЕР ЖОЛЫ -ЖАС ПОЛИЦЕЙ ҮШІН ҮЛГІ-ӨНЕГЕ

Тәлімгер болу- үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе, Ішкі істер...

ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРУДА

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында...

25 декабря психологи отмечают свой профессиональный праздник

Именно 25 декабря 1879 года Вильгельм Вундт немецкий психолог...