12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлықпен күрес жүйелі жұмысты талап етеді

Сыбайлас жемқорлық  өркениет көшіне бет түзеген елдің алға жылжуын  тежеп, қоғамды іштей ірітетін дерт. Ең қауіптісі, ұлттық қауіпсіздігімізге  қатер төндіреді. Сондықтан,  мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оған қарсы ымырасыз күрес жүргізу шаралары үздіксіз жүргізілуде.

Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа барған мекеме бірінші басшысының жауапкершілігізаңмен бекітіліп, заңсыз және арандатушылық әрекеттер жасаған органдар қызметкерлеріне жаза барынша қатайтылды. Мемлекеттiк қызметшiлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қатаң мiндеттеді. Өйткені, барлық сала жұмысының жандануы мен халыққа адал қызмет көрсетілуі сол жерде еңбек ететін қызметкерлерге тікелей байланысты.

Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу соттардың да алға қойған басты мақсат-міндеттерінің бірі.  Бұл тұрғыда «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы аясында судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылар талаптар күшейтілді. Сот өндірісіне озық  технологиялар жедел енгізіліп, олар өз кезегінде ашықтықты арттырды. Ақпараттық технологиялар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етіп жатқаны өмір шындығы.

Бұған қоса Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінде, сондай-ақ, облыстық соттарда  дербес құрылым – Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімдері құрылды.

Түркістан облыстық соттарында бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алуда «Сенім телефоны», «Call-центр» қызметтерінің маңызы зор. Бұлар азаматтар өтініштері мен ұсыныстарына, шағымдарына дер кезінде жауап беріп, тиісті шаралар қабылдануын қамтамасыз етеді. Жемқорлық пен парақорлық сотқа деген сенімді жоғалтып, судьялар мен сот қызметкерлерінің еңбегін еш етеді. Сондықтан, оның алдын алуға әрқашан да атсалысу қажеттігі облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттар қызметкерлері арасында арнайы шаралар арқылы түсіндіріледі. Мемлекеттік  қызметкердің  кәсіби этикасын мүлтіксіз сақтау осы салада жүргендердің басты міндеті болғандықтан, оларға бұл тұрғыда қатаң талаптар қойылған.

Облыстық соттарда жемқорлық көріністерін болдырмауда бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылда жұмыс істейміз. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қарапайым қызметкерден  бастап бірінші басшыға дейін жұмылуды талап етеді. Осы себепті, бізде жемқорлық көріністерінің жекелеген фактілерін анықтаумен ғана шектелмей, оны жасауға ықпал ететін себептер мен салдарларға зер салынып, қоғамдық бақылауды күшейтуге барынша көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта мониторинг пен талдау шаралары жүргізіледі.

Өйткені, жемқорлыққа қарсы күресте қылмысы үшін жазалағаннан көрі, оның алдын алып, сол арқылы тамырына балта шабу тиімді. Бұл ұстаным сингапурлықтар тәжірибесіне дендеп еніп, өзінің нәтижесін бергеніне әлем халқы куә. Мысалы, ол елде айыпталушыларға кінәсіздік презумпциясының принципі қолданылмайды, оларда  өзінің кіріс көздерін нақты фактілермен дәлелдеп берсе жеткілікті.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сай, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Сондықтан, заң нормаларын мүлтіксіз орындау биліктің барлық деңгейінің алғы шарты болып  саналады.

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күн өткен сайын күшеюде. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен айқындалғандай, сыбайлас жемқорлыққа біртұтас ағза сияқты күрескенде ғана жетістікке жетеміз.

Ғұлама Аристотель айтқандай, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз — бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты».  Яғни, елдегі тұрақтылыққа селкеу түсіретін жегіқұртпен күресті бір сәтке де бәсеңсітпеу біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Бұл мәселеде әрбір азамат Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Асқар Қалмақбаев,

Түркістан облысы бойынша Соттар әкімшісінің

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас

жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы

202 казахстанские семьи получили дома и квартиры взамен разрушенного жилья после паводков

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева Правительство РК продолжает...

Правительство выделило из резерва более 2,4 млрд тенге на капитальный ремонт теплосетей Риддера

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева Правительство продолжает проводить...

Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет еліміздің жылумен...

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КӨП

Жұмыс сапарымен Ақмола облысында болған Премьер-Министр Олжас Бектенов әуелі...

ЖАС ҒАЛЫМ ЯДРОЛЫҚ РЕАКТОРДЫҢ ҮЛГІСІН ЖАСАДЫ

Елдің жарқын болашағы шын мәнінде білімді, жан-жақты ұрпаққа байланысты. Болашағымызу осы жастардың іс-әрекеттері мен талпыныстарымен, өзгерістерге бейімделу қабілетімен және дамуға ұмтылуымен өлшенеді.