12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлықпен күрес-біздің ортақ борышымыз

 Жемқорлық мемлекеттің қауіпсіздігіне кері әсер ететін, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың қатарына жатқызылады. Мемлекеттің құрылымы мен дәстүріне қарамастан оның зиянды әсері кез келген елде сезіледі. Оны түбегейлі жою ешбір мемлекеттерде орын алмай отыр, бірақ, қоғамдағы жемқорлықтың деңгейін азайтуға мүмкіндік бар.

Соңғы жылдары Қазақстанда жемқорлыққа қарсы күресте, мемлекеттік басқарудың ең жоғарғы деңгейінде көп көңіл бөлініп жатыр. Негізі еліміз дамудың алғашқы сатысында жемқорлық құқықбұзушылықтарына қарсы күреске үлкен назар аударған посткеңестік кеңістіктегі бірінші мемлекет болып табылады. 

1997 жылы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде «Мемлекеттің мүддесіне қарсы қылмыстар» деп аталатын 13-тарауында лауазымды тұлғалардың жасаған қылмысы бекітілді. 1998 жылдың қыркүйегінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі құрылды. Қазақстан Республикасының «мемлекеттік қызмет» туралы Заңында жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттерін жасаған тұлғаларға мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігін шектеуге, мемлекеттік қызметшілерге салынатын айыппұлдың тәртібіне қатысты жемқорлыққа қарсы ережелер бекітілді. Одан бері мемлекеттік қызметшілердің жемқорлыққа жол беруінің алдын алу бағытында көптеген жұмыстар атқарылды.

Бұдан өзге, жемқорлыққа төзбеушілік мемлекеттік саясат туралы, көптеген құжаттарда, сонымен қатар Президентіміздің жыл сайынғы Жолдауында аталып өтіледі. Сан түрлі жолмен ие бермей бара жатқан жемқорлықтың алдын алу бағытында күрес тәсілдері де өзгертіліп келеді. Сыбайлас жемқорлықтың жойқын салдары Нигерия, Индонезия, Венесуэла, Ангола, Эквадор елдерінің экономикаларына әлі де әсер етуде, сонымен қатар ол АҚШ және Италия сияқты дамыған елдерде де кездеседі.

Сыбайлас жемқорлық күн сайын адамдардың материалдық әл-ауқатына кері әсер етеді, кең көлемде мемлекет пен экономикаға үлкен зиян келтіреді. Сондықтан оның алдын алуға атсалысу баршамызға парыз!

Айтқожа Арайлым Эльдосқызы, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотының бас маманы, Сот мәжілісінің хатшысы

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңызы

Тіл – әр ұлттың негізі. Ұлттың ұлт ретінде сақталуы...

Мемлекеттік тілде сөйлеу баршаға міндет

Мемлекеттік тіл ел тәуелсіздігін айқындайтын негізгі белгілердің бірі. Қазақ тілінің...

Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру қажеттілігі...

Медиация – бейбітшіл елдің басты миссиясы

Қазақстан – әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын, көптеген дау-жанжалды...

Жазаны қатаңдату арқылы жауаптылық көтеріледі

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады...