2022 жылғы 17-ші желтоқсанда шамамен сағат 13-30 да Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны 1989 жылы туылған Д. есімді азамат Қызылорда қаласының темір жол вокзалына, яғни қоғамдық орынға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келген.
Қызылорда станциясының көлік полицейлері вокзалды патрульдеу барысында аталған азаматтың қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтап және кезекші бөлімге жеткізіп, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 440 бабы 3 бөлігі бойынша, яғни қоғамдық орынға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келген үшін, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеті үшін әкімшілік хаттама толтырып, іс-құжаттарды Мамандандырылған Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолдаған.
2022 жылғы 19-шы желтоқсан күні Мамандандырылған Қызылорда қалалық әкімшілік сотының шешімімен аталған Д. есімді азаматқа қатысты 2 тәулік әкімшілік қамақ түріндегі жаза берілді.