Құқықбұзушыға айыппұл салынды

2023 жылдың 02-ші қаңтарында  Жаңақорған станциясынан  Қызылорда облысының 36 жастағы тұрғыны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін №22 «Қызылорда-Семей» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығының актісімен тиісті шара қолдану үшін поездан түсірілген. Аталған азамат жол жүру барысында ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде болып, жолсеріктеріктердің ескертулеріне құлақ аспаған. Аталған дерек бойынша Жаңақорған станциясындағы көлік полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішіп мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырып, іс-құжаттарды Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық сотына жолдаған.   

Ағымдағы жылдың 05-ші қаңтарында Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық сотының шешімімен құқықбұзушыға қатысты 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда ст. ЖПб

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...