12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

TikTok және Astana Hub стартаптарға арналған білім беру бағдарламасын ашты

TikTok Astana Hub-пен бірлесіп Қазақстанда қазақстандық стартаптар үшін TikTok Startup Академиясының алғашқы білім беру бағдарламасын іске қосты. Академия аясында 218 стартаптың өкілдері платформада жетістікке жетуді және қоғамдастықтың назарын өз өнімдеріне аударуды үйренеді. TikTok Startup Академиясының ең үздік  студенттері 10.000 долларға дейін гранттарға ие болады.

TikTok қысқа бейнероликтер жасауға арналған жетекші платформа және Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық IT-стартаптар технопаркі Astana Hub  Digital Bridge 2022 шеңберінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды және бүгін олар TikTok Startup Академиясы стартаптары үшін эксклюзивті білім беру бағдарламасын іске қосты. Платформа мен технопаркті инновацияға деген ұмтылыс та, бизнеске көмектесуге деген ұмтылыс та біріктіреді. Академияның міндеті — стартаптарға жаңа өсу нүктелерін табуға, сарапшылардан бірегей білім алуға және TikTok платформасының мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.

Бағдарламаға қатысуға Fintech, E-com, Games&Apps, Foodtech, Edtech, Entertainment, Health&Wellness және басқа да салалардан технологиялық стартаптардың өкілдері шақырылды. Өтінімдерді қабылдау қазан айының соңында ашылды және іріктеу нәтижесінде 218 стартап білім беру курсына қол жеткізе алады. Вебинарлар 31 қазаннан бастап өтеді, ал емтиханды сәтті тапсырған алғашқы жиырма қатысушы 9 және 10 қарашада Астанадағы офлайн-воркшоптарға барады.

Академияның барлық стартап студенттері мыналарға қол жеткізе алады:

  • TikTok for Business командасының тәлімгерлігі, оған науқанды нөлден бастап толық пысықтау кіреді.
  • Бірегей білім беру мазмұны, жетекші бейне платформаның сараптамасы және тиімді науқандарды қалай бастау керектігін үйрену мүмкіндігі.
  • Сарапшылардың чат арқылы қолдауы.

Оқыту қорытындысы бойынша үздік жобалар TikTok-та 10.000 долларға дейін танымал болу гранттарын алады, олар бұл сыйлығын TikTok-тағы маркетингтік науқандарға жұмсай алады. 

«TikTok StartUp Академиясының аясында біз кәсіпкерлерге жаңа білім алуға және TikTok пен Astana Hub үздік сарапшыларының тәлімгерлігімен жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік беретін бірегей тәжірибе береміз, ал үздік қатысушыларға арналған гранттар оларға өздерінің батыл идеяларын іске асыруға мүмкіндік береді»,деп атап өтті  Global Business Solutions, TikTok-тың Шығыс Еуропадағы бас директоры Анастасия Панина.

«Біздің білім беру бағдарламамыз Digital Bridge 2022 форумы шеңберінде Astana Hub және TikTok арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумның қисынды жалғасы болып табылады.  Бағдарлама тыңдаушыларының арасында, мысалы, Documentolog, Mitwork, Aviata, EasyTap, iDos Games сияқты командалар және басқа да бастамашыл және тәжірибелі қазақстандық стартаптар бар. Бұл TikTok платформасында маркетингтік белсенділікті дамытуға нарықтың үлкен қызығушылығын көрсетеді. Astana Hub-тың TikTok-пен серіктестігі Қазақстандық IT-экожүйенің танымалдылығын бірнеше есе арттыратынына сенімдімін, бұл өз кезегінде елге инвестициялар мен жаңа IT-компанияларды тартуға ықпал етеді»,-деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

TikTok туралы

TikTok- қысқа бейнелер жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз — адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш әкелу.

Astana Hub туралы

Astana Hub-IT-стартаптардың халықаралық технопаркі. Мұнда қазақстандық және шетелдік IT-компаниялардың еркін дамуы үшін жағдайлар жасалуда. 

Ас тұзы — ақ у!

Ас тұзы (натрий хлориді, NaCl; натрий хлориді, тас тұзы,...

Мемлекеттік қызметшілер әдебі – қоғам сенімінің алтын арқауы

Мемлекеттік биліктің беделі мен қоғамның сенімі ең алдымен мемлекеттік...

В Алматы правозащитники и юристы поддержали поправки по запрету ЛГБТ-пропаганды

В Алматы состоялась конференция в поддержку поправок о запрете...

В Алматинской области успешно удалили редкую феохромоцитому

В Карасайской клинической многопрофильной центральной районной больнице успешно проведено...

Десять золотых правил здорового питания

ЗДОРОВОЕ ПИТАНИЕ – ЭТО НЕ СТРОГАЯ ДИЕТА, НЕ ВРЕМЕННЫЙ...