Тергеу изоляторының қызметкерлері мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізеді

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына түсу үшін үміткерлерді іріктеу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында СҚО бойынша ҚАЖД № 66 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері Петропавл қаласының мектептеріне шығу кездесулер ұйымдастырды.  Кездесулерде 11 сынып оқушыларына күндізгі оқу нысанындағы «бакалавриат» бағдарламасы бойынша академияға түсудің талаптары мен шарттары туралы ақпарат жеткізілді. Оқушылар «құқық қорғау қызметі», «психология және педагогика» және «әлеуметтік жұмыс» мамандықтарымен танысты.

Сондай-ақ, түлектердің назарына курсанттардың оқу және тұру жағдайлары, олардың академиядағы қызметтік және ғылыми жетістіктері туралы баяндайтын бейнеролик ұсынылды.

Сонымен қаттар тергеу изоляторының қызметкерлері Тимирязев және Есіл аудандарының мектептеріне барып қайтты. Кездесулерге ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының түлегі, ал қазір №66 мекеменің жедел бөлімінің жедел уәкілі қатысты. Дәріс барысында ол оқушылармен оқуға түсу тәжірибесімен және курсанттық өмір мен ҚАЖ-дағы қызметтің қызықты оқиғаларымен бөлісті.

Қызметкерлер оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында ішкі істер органдарында қызмет етуге ниет білдірген оқушыларға одан әрі байланыста болу үшін брошюралар мен байланыс үшін деректер табысталды.

СҚО бойынша ҚАЖД

№66 мекемесінің КСБ бастығы

әділет капитаны

Айсенова Р.

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...