12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Судья әділдік айнасы

«Қара қылды қақ жарып» шешім шығару оңай емес. Дегенмен қазақ тарихындағы «бетің бар, жүзің бар» деместен, қаймықпай турасын айтатын, туғанына да бұра тартпастан әділ үкім кесетін билердің жалғасы — судьялар тек әділ шешім шығарып, халықтың сотқа деген сенімін арттыруға, заңға сүйене отырып, қоғамымызда әділдікті орнату жолында еңбек етуде. Осы орайда айта кетер жайт, біздің бүгінгі сот билігіміз ұлы дала өркениетінде сот билігінің қалыптасуы мен белсенді дамуында ерекше орын алған билер институтынан тамыр тартатыны белгілі. Яғни «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» ұғымы қазіргі сот жүйесінің басты ұстанымы деп айта аламыз.

Бүгінде еліміздің сот жүйесі барлық тұрғыдан халықтың сотқа деген сенімін арттыруға негізделген. Өйткені сот жүйесі үшін халық сенімінің маңызы зор.  Сотына сенген ел өзінің келешегіне сенеді, балаларының болашағына алаңдамайды, мемлекетті сыйлайды, кәсібін уайымсыз жасап,  тәртіпке бас иеді. Сондай-ақ халық сотқа соңғы үмітін арқалап келеді, әділдік сұрайды. Егер сот шешіміне көңілі толмаса бүкіл мемлекетке өкпе қалыптасады, сенбестік көрсетеді. Сот арқылы мемлекетке, елдің ертеңіне деген сенімсіздік қалыптасады. Сондықтан сот жүйесінің барынша кіршіксіз, шешімдері өте әділ болуы керек. Және халық сеніміне лайық болу үшін жүйені одан әрі жетілдіру, соттың ашықтығы мен жариялылығын қалыптастыру, халық пен сот арасында екіжақты байланысты бекемдеу саланың басты мақсаты болып қала бермек. Тіпті бүгінгі енгізіліп жатқан сандық жүйенің жетістіктері де сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру, ашықтық пен жариялылықты қамтамасы етуге негізделген. Мәселен соңғы жылдары азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшін соттарға өтініш беруі барынша артып, статистикалық деректер көрсеткендей, сотқа келіп түскен істер саны едәуір өскен. Бұл халық тарапынан соттарға деген сенімнің ұлғайғанын білдіреді. Халықтың әділдікке жетуіне сенімінің артуы бүгінгі сот жүйесінің дұрыс бағытта келе жатқанын аңғартады.

Сот беделі сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың кәсіби біліктілігіне, ұстанған ұстанымы мен жеке басының қасиеттеріне де байланысты. Осы орайда білікті судьялар корпусын қалыптастыру, судья жауапкершілігін көтеруге де баса назар аударылуда. Өз кезегінде олар да әділдікті іздеген әрбір жүгініске ізгілікпен қарап, әділ билік айтудың үлгісін қалыптастыруға міндетті. 

Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауларында сот реформасының түпкі мақсаты – судьялардың адалдығы мен кәсібилігі, әділдік және әділ сотқа қолжетімділік болып саналатын тәуелсіз және әділ сатылмайтын сот билігі екенін атап өтіп келеді. Тіпті «Тура жолдан таюға бейім тұратын жандарға сот саласында орын жоқ», – деп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық мемлекет пен әділетті қоғам құру жолында судьялардың тазалығына көп нәрсе байланысты екенін атап өткен болатын. Яғни сыбайластық пен жемқорлықтан сот қызметі әрқашан бойын аулақ ұстауы тиіс. Сала ұдайы мемлекет басшысы тарапынан қадағаланып, заманға сай өзгерістер жасалуының арқасында үнемі даму үстінде келе жатқаны байқалады. Соттан әділдік іздеп келген әр адам сот шешіміне қанағаттанып, билік төрінен ішкі жанайқайын түсініп тыңдай алатын, ұғына білетін парасатты, білімді, білікті судьяларға кезігуінің маңызы зор болғандықтан, саланы да осы бағытқа икемдеу уақыт талабы болып отыр. Ал жүйенің уақыт сұранысына сай дамып келе жатқанын байқап отырмыз.

 Дегенмен өзгерістер мұнымен тоқтап қалмайды. Сот жүйесі мемлекеттік биліктің бір тармағы болғандықтан халықтың ары және мемлекеттің, әділдіктің айнасы болу жолында судьяға қойылар талап уақыт ағымымен ұдайы жетілдіріле бермек.

Қ.М.Мекемтас, Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасының міндетін атқарушы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...