spot_img
spot_img

Соттың белсенді рөлінің жемісі

Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының (әрі қарай жауапкер) 22.12.2021 жылғы жер салығы бойынша берешек қырыздарын өндіру туралы салық бұйрығына сәйкес Ә.-нің (әрі қарай талап қоюшы) қарыз сомасы 10216 теңгені құраған.

Аталған бұйрықпен келіспеген талап қоюшы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына салық бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жойып, жер салығын Қызылорда қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобалары негізінде алуды міндеттеу туралы талаппен жүгінген.

Іс құжаттарына қарағанда Белкөл кентінде орналасқан тұрғын үй салу мақсатындағы жер учаскесі талап қоюшының жеке меншігіне 2015 жылы тіркеліп, 2022 жылы тоқтатылған.

Талап қоюшының талабында кенттердің жерлеріне арналған базалық салықтық мөлшерлеме 0,96 теңге бекітілгенін көрсетіп, қарыз сомасын қалалық емес, кенттің ставкасы бойынша есептеу қажет екенін көрсеткен.

ҚР «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 2-бабының 4-тармағының 1)тармақшасына сәйкес қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығының кенттер қалалық елді мекендерге жатады. Сондықтан талап қоюшының уәжі негізсіз, жауапкер қарыз сомасын есептеуде әкімшілік-аумақтықты дұрыс қолданған.

Алайда, бірінші саты сотының бастамасымен сұратылған аталған жер учаскесінің кадастрлық ісін зерттеу барысында Белкөл кенті әкімінің 2017 жылғы шешімімен жер учаскесінің 1000 шаршы метр құжат бойынша көлемі нақты өлшемге сәйкес 735 шаршы метр болып қайта бекітілгені анықталған. Бұл жағдайда, жауапкердің жер салығы бойынша 2021 жылғы 22 желтоқсанға дейінгі қарызын 1000 шаршы метр көлемі бойынша есептеуі заңсыз және негізсіз деп тауып, талапты ішініара қанағаттандырып, салық бұйрығының күшін жойған.

Шешімге келтірілген апелляциялық шағымды қараған әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы бірінші саты сотының шешімінде соттың тұжырымдары дұрыс және дауды шешу үшiн жеткiлiктi түрде зерделенген деген қорытындыға келіп, шешімді күшінде қалдырды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...