Сотталғандар үшін прокурормен кездесу ұйымдастырылды

Сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ сотталғандардың жазасын қоғамнан оқшауламай өтеу шарттары мен тәртібін түсіндіру мақсатында пробация қызметінің қызметкерлері Аққайың ауданының прокуроры әділет кеңесшісі З.Серхожаевпен бірлесіп жұмыс кездесуі өткізілді.

Іс-шара барысында сотталғандарға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ оларға сот жүктеген міндеттер егжей-тегжейлі жеткізілді. ҚР ҚК 44-бабы 3-бөлігінің талаптарына сәйкес бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, өтелмеген мерзім бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айырумен ауыстырылатыны түсіндірілді. Сотталғандар да осы мүмкіндікті пайдаланып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Олар негізінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға қатысты болды.  

Кездесу қорытындысы бойынша прокурор сотталғандардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.сотталғандардың барлық сұрақтарына прокурор толық жауап берді.

СҚО бойынша ҚАЖД

Аққайың ауданының ПҚБ бастығы 

әділет майоры 

Ибраев Б.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...