Сотталғандар арасындағы арт-терапия

СҚО бойынша ҚАЖД «№48 мекемеде» (ЕС-164/3) сотталғандардың қатысуымен «Жанжалдармен жұмыс» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шара топта жұмыс істеудің негізгі ережелерімен танысудан және қысқа жаттығулардан басталды.

Жұмыстың жалғасында қақтығыстар мен топтық шектен шығу ұғымдары талданды. Сотталғандар осы терминдер туралы өз пікірлері мен көзқарастарын белсенді түрде білдірді, жанжалдарды шешудің әртүрлі тәсілдерін ұсынды. Тренингтің екінші бөлімінде эмоционалды шаршауды, шиеленісті және жағымсыз эмоцияларды жеңілдетуге бағытталған «Стресстен ең жақсы көмекші» тақырыбында арт-терапия жүргізілді. 

Арт-терапия-агрессивтілік пен басқа да жағымсыз сезімдердің әлеуметтік қолайлы шығуын қамтамасыз етудің бірегей мүмкіндігі, өйткені сызбалармен жұмыс істеу «эмоцияларды шығарудың» және шиеленісті босатудың қауіпсіз әдісі болып табылады.

СТӘПЖБ бастығы

әділет майоры

Мурсалимов М.А.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...