12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұрлық кәсіп пе, әлде әдет пе…

Қазақ халқы ғұмыр бойы ұрлықты ең үлкен күнәнің біріне санаған. Соңғы кездері «ұрлық түбі – қорлық» деген сөздің мақалға құлақ аспайтындардың саны артып келе жатқаны қынжылтады. Тіпті, өзінің жасаған ұрлығына арланбайтындар да кездеседі. Әрине қылмысқа бой ұруы – жақсы құбылыс емес. Оларды мұндай теріс іс-әрекеттерге итермелейтін нендей күш? Қай кезде де адамдардың қылмысы қоғамдағы өткір, көкейкесті әрі өзекті мәселелердің қатарында болып келеді. Осы орайда Түркістан облысында орын алған қылмыстық оқиғаларға тоқталуды жөн көрдім. Қолда бар деректер арқылы ақыл тоқтатқан адамдар арасындағы құқық бұзушылық көріністері негізінен ұрлық, тонау, өзгенің мүлкін жымқырып өз пайдасына асырырғандар екенін көрсетеді. Жыл басынан бері Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметкерлері оннан аса ұрлық қылмысын ашып, қылмыстың ізін суытпай ұрыларды тұтқындады. Бірақ әртүрлі қылмыс жасаған ұрылардың айласы аспады.          

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, түнгі уақытта өзі мініп келе жатқан «Опель астра» көлігі бұзылып қалып, көше бойына қалдырып кеткен. Осы аралықта автокөлігіне белгісіз біреу ұрлыққа түсіп, автомогнитоласын, қымбат иіс суын, 20 000 теңге ақшасын жымқырған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 000 теңгеден асады. Полицейлер бірден автоұрыны ұстауға қажетті шараларға кірісті. Тәжірибелі тәртіп сақшылары куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді, жақын аулалаларды қарап шықты.

           Ал көліктің ішін қарау кезінде күдіктіге тиесілі ұялы телефон табылып, дәлелдеме ретінде алынды. Соның нәтижесінде келесі күні сезіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің танысы болып шықты. Анықталғандай, сол түні мас халде болған күдікті оңай жолмен ақша табуды ойлаған. Содан түнгі уақытта көліктің қараусыз тұрғанын, көшеде ешкім жоқтығын пайдаланған. Полицейлер одан айғақты зат ретінде ұрланған иіссуды тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.

Ал орын алған ұрлықтың бірі асылтұқымды төртүлікті айдап әкетіп, оны сойып етін сатып жіберген. Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етіп, аудан тұрғынының малын ұрлап, онымен қоймай сойып, етін сатып жіберген күдікті екі адамды ұстады.  Нақтырақ айтсақ, полицияға жергілікті тұрғын арызданып, мал қорасынан 4 бас асылтұқымды өгізшелерін белгісіз біреулер ұрлап кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 миллион теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алып, дереу іздеу жұмыстарына кіріскен. Сайрамдық тәртіп сақшыларымен қылмысты ашуға бағытталған іс шаралар жүргізіліп, мал ұрыларын құрықтау үшін полициядағы тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орны мен оған жақын аймақтар түгел қаралып, көрген-білгендерден жауап алынды. Бейнебақылау камералары да тыңғылықты тексерілді.

           Жүйелі жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер, небары 4-5 сағатта күдіктілердің жеке басын анықтады. Тұрғылықты мекенжайынан ұсталған екі күдікті, жәбірленушінің ауылдастары болып шықты.      Полицейлермен анықталғандай, сезікті екеу алдын ала сөз байласып, оңай жолмен пайда табуды көздеген. Содан жәбірленушінің қорасына арасына екі күн салып, екі рет ұрлыққа түскен. Ұрлаған ірі қараларды жіппен байлап, жетектеп  алысқа, яғни  көліктерін жасырып қойған жерге апарып, бірден сойып, еттерін сатып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.

           Сондай-ақ Жетісай ауданында айдың аманында өзінің үйіне емін еркін кіріп ұялы телефонын ұрлап жайбарақат шығып келе жатқан ұрылардың үстінен түскен. Күндіз үй иелерінің жұмыста болатынын білген әккі ұры бір үйді тонап, екінші үйден керек затын жымқырып шыққанда құрықталды. Ер адам өз хабарламасында, үйіне белгісіз біреу кіріп, 2 бірдей ұялы телефонын ұрлап шыққан сәтінде ұстап алғанын жеткізді.      Оқиға орнына шыққан полицейлер, күдіктіні полиция бөліміне жеткізді. Ол бұрын сотты болған, алайда 1 ай болмай қайта қылмыс жасағаны белгілі болды. Сондай-ақ тексеру кезінде күдікті жәбірленушінің үйінен бөлек, оның көршісінің үйіне ұрлыққа түскені анықталды.  Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.           Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі ұрлық қылмысының құрбаны болғанын жеткізді.  Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның үйінің есіктерін бұзып, үстел үстінде тұрған алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі14 миллион теңгеге жуық. Қылмысты ашуға тәжірибелі полиция қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы бағытталды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері, екі аптаға жуық уақыт өткенде күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған Леңгір қаласының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті ұрланған өзгенің алтын бұйымдарын сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Біреудің тірнектеп жинап алған алтынын ұрлап, қара басының қамы үшін сатып ақшасын қолды еткен ұрының барар жері абақты. Бірінші жасаған қылмысынан сабақ алмаған әккі ұры, темір тордан босап шыққанан кейін де осы қылмысын жасамасына кім кепіл.

           Ұрлық жасауға арланбай, ұрлықты күн көрістің кәсібіне айналдырып алғандар да баршылық. Сөзімнің дәлелі ретінде тағы бір ашылған қылмысқа тоқтала өтуді жөн көрдім. Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері Кентау қаласында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан екі күдіктіні ұстады. Үй ұрылары 11 адамның пәтеріне кіріп, бағалы заттарын жымқырып отырған. Мәселен Кентау қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйінен құны 6,5 миллион теңгеге болатын алтын бұйымдары ұрланғаны жайында шағым түсірген. Тағы бір жәбірленуші пәтерінен ақша мен құны 1,7 миллион теңгеден асатын алтын зергерлік бұйымдарының ұрлағанын хабарлады. Осыған ұқсас қылмыстық деректер тағы да бірнеше жергілікті тұрғындардан келіп түскен.

        Криминалдық полиция қызметкерлерінің жүйелі іздестіру шараларының нәтижесінде, екі күдікті бірден анықталды. Олардың бірі Кентау қаласынан, екіншісі Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұсталды. Күдікті екеу бұрын бірнеше рет сотталған Кентау қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда күдікті екі ер азамат қамауда отыр. Тергеу барысында күдіктілердің қала тұрғындарының пәтерлеріне кіріп, содан кейін үйдегі алтын бұйымдар мен ақшаны жымқырып отырғаны анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 13 миллион теңгені құрайды. Ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

«Бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін» жымқырып кететіндердің жазасы жеңіл болғандықтан ба, әйтеуір соңғы кездері ұрлық-қарлықтың небір түрі тіркелуде. Қолының сұғанағы бар ұрылар көзіне көрінген затты алып кете беретінді әдетке айналдырғандай. Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі хабарласып, құрылысқа қажетті құралдары ұрланғанын айтып арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар қоймадан 3 дәнекерлеу машинасы мен перфораторын жымқырған. Ұрланған заттарының құны шамамен 300 мың теңге. Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторлары шықты, олар ауланы аралап, куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен құрылыс заттарын ұрлаған күдіктіні анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты.

           Тағы бір Жетісай ауданында орын алған қылмысқа тоқталар болсақ, аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп арызданды. Әйелдің айтуынша, оның үйінің ауласында тұрған құны 70 000 теңгелік «Стелс» маркалы велосипедін белгісіз біреу ұрлап кеткен. Орын алған ұрлық қылмысын «ізін суытпай» ашып, күдіктіні құрықтау бағытында оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Жетісайлық сақшылар барлық қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, ұрлық болған жерді мұқият қарап шықты. Соның нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 2020 жылы ұрлық жасағаны үшін сотты болған, бүгінде жазасын шартты түрде өтеп жүрген ер адам болып шықты. Күдікті велосипедті басқа біреуге 3000 теңгеге сатып жіберген. Велосипед айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Жалпы өткен жылы Жетісай ауданында 5 велосипед ұрлығы тіркеліп, оның 5-еуі де ашылған болатын.

 Әккі ұрылар өзінің айласын асыру үшін сан түрлі құйтырқы әректке баратыны белгілі. Жас кезінде бейнеттеніп адал еңбегімен еңбек етіп, зейнет жасына жетіп, зейнетке шыққанда, зейнетімнің нанын жеймін деген кезде сол зейнетақысын өзіне бұйыртпайтын ұрылар да кездеседі. Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы арызымен жүгінеді. Ер адамның айтуынша, оның туысының зейнетақы кәртішкесінен белгісіз жағдайда ақша алынып, 900 000 теңге көлемінде шығын келтірген. Қылмысты ашу мақсатында түркістандық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бөтеннің мүлкін ұрлаған күдіктінің жеке басы анықталды. Тәртіп сақшылары күдікті әйелді басқармаға жеткізді. Ол  облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің жеке деректерін пайдаланып, «оңай пайда табу» мақсатында оның шотынан заңсыз ақша алған.

Полиция қызметкерлері азаматтарға ақшаны немесе басқа мүлкі ұрланбауы үшін қырағы болуға және бағалы заттарына, жеке мәліметтеріне сақ болуды ескертеді. Егер де сіз, осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, дереу полицияға хабарласу керектігін ескертеді.

        Жоғарыда айтылған қылмыстық жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Учаскелік инспекторлар бейнебақылау камералары арқылы ұрлық қылмысын ашуда. Бір қылмысты бірнеше рет жасаған әккі ұрылардың арасында өзінен кейінгіге ақыл айтатын, ел ағасы атанған ағаларымыз бен ана да бар. Әккі ұрылар қылмысын бірнеше рет жасауына не себеп екен. Әлде біздің елімізде заң жеңіл болғаны ма. Біреудің ала жібін аттамаған, кигіз үйдің есігін жіппен байланған үйдің табалдырығын аттамаған қазағым қайда кетті десеңізші.

Раушан НАРБЕК

Түркістан облысы

МЕМОРАНДУМ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ

Национальный научный онкологический центр (ННОЦ) Республики Казахстан и инновационная...

В АЛМАТЫ ОБСУДИЛИ ПРОБЛЕМУ ХОБЛ И ЗАГРЯЗНЕНИЯ ВОЗДУХА

В Алматы состоялся паблик-ток, посвященный хронической обструктивной болезни легких...

Қазақстандықтар арасындағы достық байланыстар қаншалықты берік? ҚСЗИ әлеуметтік сауалнама деректерін жариялады

Айгуль Забирова, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Қазіргі таңда...

Тәуелсіз елдің тұғыры – Конституция

Аспан астында өз алдына ту тіккен әрбір елдің ең...

« Балалар қорғау күніне орай, шағын футболдан жолдастық кездесу өтті!»

Алматы қаласы, бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласы, №11...