Профилактикалық кездесу

Ағымдағы жылғы 13 қаңтар күні Қызылорда станциясы теміржол вокзал перронында орналасқан сауда-саттық орындарының жеке кәсіпкерлеріне құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сауда орындарының иелері мен сатушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында, алкогольдік өнімдерді сақтау мен бөлшек саудада сатуға арнайы рұқсат лицензиясы талап етілетіні және заңнамада көрсетілген алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатындары ескертілді.

Сонымен қатар, жолаушылар поездарында орын алатын құқық бұзушылықтардың басым бөлігі азматтардың алкогольдік өнімді тұтынудың салдарынан орын алатыны, осыған байланысты теміржол көлігінде және вокзалдарда заңсыз алкоголь өнімдерін сату деректері анықталған жағдайда заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

Іс-шара барысында кәсіпкерлерге «Алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға жол жоқ» атты кітапшалар /брошюралар/ таратылды.

Горный курорт Oi-Qaragai вводит тариф «Отан» для граждан Казахстана

Горный курорт Oi-Qaragai объявляет о запуске нового специального тарифа «Отан», ориентированного...

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан азаматтары үшін «Отан» тарифін енгізеді

Oi-Qaragai тау курорты Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жаңа арнайы...

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....