12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік тілімізді құрметтейік

Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық діліміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдерге жағдай жасауға бағытталған.

Тіл-ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырамас белгісі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мелекеттік тілі де болады. Біздің Ата Заңымызда «ҚР-ның мемлекеттік тілі –қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін-ресми тіл деп айтқан. Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын барған сайын кеңейтіп, оны шын мәніндегі қарым қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршамызға аян. Тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету-басты мақсат деп білер ем.

Қазақ тілі қазақ халқының ғана емес, Қазақстан мемлекетінің тіліне айналатын, мәртебесі мен мерейі үстем болатын күн туды. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік тіл-тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда  тұратын барлық ұлттың ұлтаралық, ортақ тілі. Ендеше «Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі-ділдің жүректегі»-деп Жүсіп Баласағұн айтқандай қазақ тілі өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тілімізді өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.

Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының аясы тиісті әр қазақ отбасында, қоғамда мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік тілдің қолданылуын күшейтіп мәртебесін арттыру баршамызға міндет. Қазақ ұлты барда қасиетті қазақ тілінің қадірі артып, мәңгі жасай берсін! Ана тілдің  жанашыры өзге емес, өзіміз екенін естен шығармайық, ағайын!!!     

                                        Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі

М.Ы.Жебелханова

Алматы репродуктивті денсаулықты сақтау мәселесіне көңіл бөліп жатыр

Алматыда жастар денсаулығы орталығынан кеңес сұрағандар көбейіп, әйел адамдарды...

Легендарный судья-фронтовик

МУЗЕИ, АРХИВЫ И ДРУГИЕ ЦЕНТРЫ КУЛЬТУРЫ АКТИВНО ИСПОЛЬЗУЮТ СВОЙ...

Голос манипуляции: не стать жертвой мошенников

ТЕЛЕФОННОЕ МОШЕННИЧЕСТВО – ЭТО НЕ ТЕХНИЧЕСКОЕ ПРЕСТУПЛЕНИЕ В КЛАССИЧЕСКОМ...

Судопроизводство в эпоху цифровизации 

На юридическом факультете Казахского национального университета имени аль-Фараби состоялась...