12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мақсат Жақау, саясаттанушы-әлеуметтанушы: Масылдық туғызбас үшін, идеология мен отбасы тәрбиесі күшті болу керек

Мақсат мырза, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің қоғам масылдық психологиядан арылуы керек. Әрине, мемлекет әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсете береді. Бірақ жұмыс істеуге мүмкіндігі бар әрбір адам адал еңбекпен табыс тауып, отбасын асырауға міндетті», — деген болатын. Соңғы жылдары жиі айтылып жүрген «масылдық» қоғамымызда қайдан пайда болды? Әлеуметтанушылар масылдықты қалай анықтайды?

— Әрине, бұл жерде Президенттің көтерген мәселесі өте орынды. «Адамды адам еткен — еңбек» деген данышпандардың сөздері бар ғой, тек еңбек адамы масыл болмайды, және оның әр нәрсенің сынығына сылтау айтып отыруға уақыты болмайды. Масылдық дәл осы еңбектен гөрі, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен өтуді қалап, бірден шалқып байып шығамын деген дәмеленуден басталады. Көп жағдайда адал еңбектен гөрі керек десеңіз, заңсыз жолмен табыс табатын жолдарды қарастырып та кететін жайттар болады. Бұлар ең қауіптілері. Өкінішке орай, біздің қоғамда, осы масылдық мінез бар. Онымен күрес идеологиялық тұрғыдан, жұмыспен қамтамасыз ету жағынан әлі де болса кемшін түсіп жатқанын да мойындауымыз керек. Әлеуметтанулық зерттеулер көбіне, сандарға сүйенеді. Арнайы статистикалық зерттеулерден, жұмыссыздар мен қылмысты болғандардың себеп-салдарына қарай, дәл осы масылдықтың критерийлерін анықтайды. Ресми деректерден гөрі бірақ, бейресми шынайы сандар шошытады. Өйткені, жұмыссыздықтың өзі елімізде 22-27 пайыздың көлемінде орын алған. Және бұған өзін-өзі қамтыған деген категорияны қоссақ, бұл жерде ауылда тұратындар басым келеді. Онда статистикасы 45-53 пайыздың көлеміне бір-ақ барады. Бұл бәрімізді ойландыратын мәселе.

Кейінгі кездері мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақының масылдықты өршітіп отырғаны туралы да пікірлер көп. Осы тұста, мұқтаждық пен масылдықтың аражігін ажыратып айтып берсеңіз.

— Мұқтаждық бұл расымен егер, тапқан табысы мүшкіл, бірақ қолында балалары болса, оған мүгедектігі не науқастығы бар отбасы мүшелері болса, және ең маңыздысы сол үйге кіріп тұрған қаржының мейлі ол еңбекақы, қосымша азын-аулақ жәрдемақысы болып, сонысын ия азық-түлігіне, дәрі-дәрмегіне, киіміне жеткізе алмай отырса, мұндай топтағыларға міндетті түрде жәрдемақының дұрыс көлеміндегі мемлекеттік көмек керек-ақ. Бұл қазақстандықтардың көбіне 35 пайызы осындай күйде жүр десек, өтірік айтпаспыз. БҰҰ-ның арнайы күнделікті әлеуметтік мұқтаждық стандарттары бойынша қарасақ, мұндағы жәрдемақылық көмектер көзге тамызғандай ғана көрінеді. Егер осы стандартпен қарасақ, ендеше әлгі мұқтаждыққа зәрі 35 пайыздағы топты келіссек те, келіспесек те ойланбай кедейшілік деңгейге апаруға болады. Осыдан әлеуметтік кикілжіңдік психология, мемлекетке деген реніш, сенімсіздік пайда болады. Ал енді масылдық айтсақ, масылдық туғызбас үшін, идеология мен отбасы тәрбиесі күшті болу керек. Мемлекет өмірбақи маңдайыңнан сипалай бермейді, жасаған көмегіне рахмет, әрі қарай Абайша айтсақ, өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегіңмен ақылың екі жақтап деген қағидаға көшу керек. Сөзсіз, бұны бәрі қолдана қоймайтыны анық. Қарт әке-шешесінің зейнетақысына қарап отырған, ішіп жүріп, ия тұрақты жұмысы жоқ, питак жағалап, табысы күнделікті тамағынан артылмайтындар да бар. Ол топтағылар оңай табысқа, олжаға, ұрлыққа, қылмысқа, мародерлікке, көшеге шығып кетпеуіне кепілдік жоқ. Міне, бұл маргиналданған қауіпті топ. Масылдықтан басқа пендешілдігі басым кереғар қасиеттері де бар, қоғамда нақты орнын таппай адасып кеткендер осылар болмақ.

Қоғамдағы масылдық психологияны тек экономикалық мәселелермен түсіндіруге бола ма, әлде бұл құбылыстың басқа да себептері бар ма?

Алдыңғы сөздерім де экономикалық та, әлеуметтік те себептеріне тоқталып өттім. Әрине, бұл масылдық тек кедейленген топ та бар деу қателік. Бұл тұтас  отбасы институтында бар нәрсе. Мысалы, әкелері өмірбақи ғылым да жүріп ғылым докторы, не болмаса мемлекеттік қызметте жүріп қайраткер болғанымен, балалары еш қиындықты көрмей, көйлегі көк, тамағы тоқ бірақ азған баласы болып шыға келгені қаншама… Олардан нашақор да, қылмыскер де, алаяқ та шығып жатты. Жұмысқа кірейін десе ия ұжымда жұмыс істей алмай, ия тапсырманы қатырып орындамай, бір сөзбен айтқанда, қазақ мұндайда «түйенің өзі түйе де, құмалағы түйе емес қой» дейтін категориядан шыққандар, масылдыққа салынады. Мейлі оның әулиетінің жағдайы түгел болса да. Яғни, масылдық — бұл экономикалық һәм әлеуметтік себеп-салдардан гөрі, идеологиялық, отбасылық тәрбиелік ықпалы зор деңгей болып шыға келеді. Сондықтан, мүмкіндігінше, масылдықты туғызбайтын тәрбиелік мәні зор адамның жас шамасынан бастап әсер ету факторларына ерекше мән беру керек сөз.

Шыны керек, елімізде АӘК, жәрдемақы немесе мемлекеттен басқа да көмек алу үшін, жалған ажырасуға баратындар мен ресми кірісін төмендетіп көрсететіндер бар. Адамдар мұндай жағдайға неліктен барады?

— Бұл енді ебін тапқандық шығар, бірақ жаппай деп айтуға негіз жоқ. Расымен ажырасушылық көп, бірақ оның өз себептері де бар. Дәл осы баспана үшін дейтіндей сандық көрсеткіштер жоқ. Үш-төрт оқиғамен тұтас мемлекеттік мүмкіндіктерден жартылай отбасыларды, балалармен қалған аналарды баспанасыз қалдыру қиянат деп есептеймін. Мен көп ажырасқан жас отбасыларды білемін, біреудің есігінің алдында жалдап жүрген. Оларға расымен баспана керек. Жұмысын да істеп жүр, кішкентайларын қалай жеткіземін деп жанын шүберекке түйіп алып бірнеше жұмысты да жасап жүргендері бар. Неге олар біреулердің жымысқы тірлігінен тұрғынүйден қағылу керек. Мәселе бұндай емес. Керек десеңіз, отбасылық жағдайын, арнайы комиссиямен бар тексерсін, емханасынан, бала-бақша, мектебінен сұрау салсын, алимменттің төленген-төленбегенін анықтасын, төлем қабілетін тексеріп жұмыс орнынан құжаттар сұратсын, уақытша не тұрғылықты жерінен анықтамасын алдырсын, яғни анықтау деген қиын емес шаруа. Сондықтан, алаяқтықпен оңай баспаналы боламыз деген азын-пысықайлардың тірлігінен тұтас жас отбасылар қиналмауы тиіс. Осы жерде, әлеуметтік мәселе шешілмейді, қайта ушыға түседі, неге көпбалалы отбасылардың бір ғана мысалын ескермейді екен?!

Сіздің ойыңызша, мемлекет қоғамдағы инфантилизм мен масылдық психологияны жою үшін не істеуі керек?

— Енді бұл прагматикалық мәселе. Бұл жүйелі әрі кешенді мемлекеттік саясат. Баланың жастайынан бала-бақшадан, мектептен басталатын тәрбиемен берілетін білім факторы, екіншіден, әрбір еліміздің отбасымызда ата-аналық үлгіден басталатын қарекеттен бастау алатын өмірлік өнегелік мәселе. Мемлекет еңбек адамының маңыздылығын барынша нарықтық талаптармен насихаттап, тек адал еңбекпен бұйырған ризығыңды аласың деген идеологиялық құралдармен көрініс табуы тиіс. Ал түрлі әлеуметтік желіде әсіресе шоу-бизнесте жүргендердің құр мақтаншақтық үлгілеріне адами тұрғыда қоғам тарапынан айыптау керек, бұл нағыз жастардың тез байып, солай шалқып жүремін деген теріс тәрбиелері періштелерін де жолдан тайдырып жібереді. Қоғамның даму үлгілері — білім, еңбек, жауапкершілік деген қағидалардың жолымен ғана жүзеге асатынын үнемі түрлі мемлекеттік жобалармен кешенді ұзақ мерзімге тәрбиелейтін механизммен жүру керек. Міне, осы тұрғыда Абайдың «толық адам» идеясын ел басшылары да кеңінен айтып жүр. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымнан басқа адам болуға әзірше бес алыс іс жеткілікті екенін түсінуіміз керекпіз.

Сұхбатыңызға рахмет!

Ақбота Ерболқызы

Алматы қаласы әдеп жөніңдегі кеңестің 2024 жылғы қызметінің нәтижесі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаменттерінің жанында...

Сотрудники УИС провели интерактивную встречу с учащимися среднего звена школы на тему «Өзіңнен баста»

В области Абай сотрудники учреждения, смешанной безопасности, провели интерактивную...

ҚАЖ қызметкерлері мектептің орта буындағы оқушыларымен кездесу «Өзіңнен баста» атты интерактивті кездесу өткізді

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері, мектеп оқушыларымен қоғамдық...

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға киімдер тікті

Сотталғандар қарттар үйінде тұратын қарияларға арналған концерттік бағдарламаға арнап...

Осужденные сшили костюмы для пожилых людей которые живут в доме престарелых

Осужденные сшили костюмы для концертной программы для пожилых людей,...