Әкімшілік істерді сот кабинеті арқылы жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі бүгінгі таңда жұмыс барысында белсенді пайдалануда.

«Сот кабинеті» арқылы электрондық құжаттарды сотқа бармай, ғаламтор арқылы жүгіну мүмкіншілігі көзделген. Аталған жүйеде талап-арыздардың үлгілерімен танысу, талап қою, сот актісін алу кезіндегі мемлекеттік баж салығын анықтауға арналған калькуляторлар орнатылған.

Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет.

«Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.

«Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады.

Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторзациялау рәсімінен өткеннен кейін:

1) талап-арызбен;

2) сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен

3) сот отырысының хаттамасына ескертумен;

4) өтінішпен және т.б. жүгіне алады.

Бір рет тіркелгеннен кейін осы адам кез келген жерде «Сот кабинеті» арқылы түрлі ақпараттар мен мәліметтерді, құжаттарды жолдап ала алады.

Сонымен қатар, істің қай күні қаралатыны, қай жерде, қай уақытта болатынын біле алады, сот актілерін ала алады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесінде оларды қабылдау, тіркеу және өңдеу туралы нұсқаулыққа байланысты жүргізіледі.

Қызылорда облысының мамандандырылған

 ауданаралық әкімшілік сотының жетекші маманы А.Өміртай

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...

Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің орны ерекше. Ал сол сот...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...